Олжас Сүлейменов Конституцияда Назарбаевтың рөлін бекітуге қатысты пікір білдірді

29 сәуір 2022, 18:55

Атақты ақын және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов Конституцияда Назарбаевтың рөлін бекітуге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Оrda.kz-ке сілтеме жасап.

«Мен барлық газеттерді мұқият оқып, Конституцияның жаңа редакциясы бойынша жұмыстың басталып жатқанын көріп отырмын. Түрлі дауыстар, түрлі ұсыныстар туындап жатыр. Ал бұл ұсыныстардан байқағаным, ұсыныс авторларының барлығы біздің тарихымызды біле бермейді. Олар 1991 жылы үлкен құдіретті держава Кеңес Одағының Американың ықпалында шашырап кеткенін біледі. Оны бірнеше бөлікке бөліп, әр бөлікте жаңа мемлекет пайда болды. Олар тәуелсіз мемлекеттерге айналды. Сондықтан, ешкім тәуелсіздік үшін күрескен жоқ, ешкім бұл тәуелсіздікке ұмтылған жоқ, ол автоматты түрде әрбір жаңа мемлекетке, соның ішінде Қазақстанға да берілді» деді Сүлейменов Қазақстан халқы құрылтайы жалпыұлттық қозғалысының бірінші Кеңесінде.

 

Бұл ретте ол Конституцияда Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы ретіндегі рөлін бекіту туралы ұсынысқа таңданысын білдірді.

 

«Қазір Конституциялық Кеңес Конституцияның жаңа редакциясына ұсыныстар жинауда. Оқып отырмын, сонда Конституцияға Назарбаевты тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы ретінде енгізуді ұсынып жатыр. Тәуелсіздік бәрімізге автоматты түрде берілгенін білеміз, сондықтан ол бұл іске араласпады. Ал мына Кеңеске, Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасын құрайтын Конституциялық Кеңеске кімдер жиналды деп ойланып отырмын?» деп таң қалды Сүлейменов.