Мәселе

«Өлшем алу үшін барған»: Қорғаушы Аяжан Еділова туралы қауесеттерге жауап берді

  • «Өлшем алу үшін барған»: Қорғаушы Аяжан Еділова туралы қауесеттерге жауап берді

    «Өлшем алу үшін барған»: Қорғаушы Аяжан Еділова туралы қауесеттерге жауап берді

Заңгер дизайнер арудың тәнін сатуға барғаны жайлы ақпараттарға қатысты пікір білдірді.

Аяжан Еділованың өліміне қатысты сот ісінде жәбірленуші тараптың адвокаты Қадыржан Ғалымжанұлы марқұм қыз туралы тарап кеткен қауесеттерге жауап берді. Заңгер дизайнер арудың тәнін сатуға барғаны жайлы ақпараттарға қатысты пікір білдірді. 

Қадыржан Ғалымжанұлы «Информбюро 31» арнасына арнайы сұхбат беріп, ел арасында тарап кеткен негізі жоқ қауесеттерді жоққа шығарды. Өзінің заңгерлік пікірін білдірген адвокат Аяжан Еділованың күдіктінің үйіне не себепті барғанын айтты. 

«Өзімнің заңгерлік субъективтік пікірімді айта кетейін. Ел арасында «өзінің тәнін сату үшін барған», «ақшаға келіскен» деген өсектер тарап жатыр. Қыдырәлі деген досымен сөйлескен хабарламаларында бартер жайында сөз қозғалған. Енді бұл мәселеге келсек. Көпшілік арасында «бартер болса неге үйіне барды?» деген сұрақ туындауда. Қазір қоғамда неше түрлі эксперттер пайда болды ғой. Сол кісілерге нақты факт ретінде жауап берейін. Таза субъективті пікір әрі болжам. Аяжан өзінің негізгі жұмыс орнынан шығып, өлшем алуға барған. Ол кісінің қосымша табысы болды ғой. Біреуге барып өлшем алу тәртібі ақылы екені бәрімізге мәлім», деді ол. 

Адвокаттың айтуынша, Аяжан жұмысынан кейін күдікті Төребековтың үйіне өлшем жасауға барған. Сол жоспармен үйіне кірген. 

«Ары қарай не болғаны тергеуге ғана мәлім. Ақиқатқа сай келетін фактілер мен уақытқа сай есептелген болжам осыған тура келеді. Бұл тұста мынадай жайттар бар. Аяжан жұмысынан кейін танысымен бартер туралы сөйлеседі. Екіншіден, өзінің сол кезде жүрып жүрген жігітіне жазады. Ол оған сағат он шамасында жұмысының алдында болатынын айтады. Егер Аяжан халық айтып жатқандай арам ойымен барса, бартер туралы да, өзінің жүріп жүрген жігітіне жұмысының алдына кел деп айтпайтын еді. Бұл енді біздің болжам. Шын мәнінде не болғанын Аяжан мен күдікті ғана біледі. Өкінішіке орай, біз Аяжаннан жауап ал алмаймыз. Тек Төребековтың жауабынан негіз алып, ары қарай өзіміздің қорғаумызды жалғастырамыз», - деді заңгер.




Көрілген: 589    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 23.06.2021, 13:43

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31