Мәселе

Өмірзақ Шөкеев мақтааралдықтарға өтемақы қалай берілетіні туралы айтты

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Мақтаарал ауданында су басқан ауылдардың эвакуацияланған әр тұрғынына өтемақы белгілеу дұрыс деп есептеймін. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Су елді мекендерден кеткеннен кейін үйлерді аралап, былтырғы Арыс тәжірибесі сияқты әр үйге келген зардапты, шығынды есептеп шығуымыз керек. Ары қарай комиссиямен бірігіп отырып, бүлінген үйлерді қайта қалпына келтіру жолдарын қарастырымыз керек деп олаймын»,- деді облыс басшысы.

 

Өңір басшысы су басқан үйлерде қалған мүліктерге қандай зардап келгенін есептеу қиын болатындығын баса айтты.

 

«Сондықтан су басқан ауылдың эвакуацияланған әр тұрғынына өтемақы белгілеу дұрыс болар деп есептеймін. Мұнан бөлек 7 мыңнан астам егістік алқабына біраз шығын келді. Егілген егістік, пленка астында жатқан әртүрлі егістік алқабы бар. Соның бәрін қайта есептеп, оны да өтеуге көмектесуіміз қажет. Жалпы, эвакуацияланған азаматтардың бәрімен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Былтырғы Арыстағыдай көп адамды жинап, үлкен жиын жасамаймыз. Жеке-жеке әр мектепке барып, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Жалпы халық түсіністікпен қарайды, үлкен шыдамдылықпен, төзімділікпен бұл жағдайды өткізіп жатыр. Біз комиссияны күтіп отырмыз, солармен бірге бәрін аралап шығамыз»,- деді ол.

 

 




Көрілген: 537    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.05.2020, 10:51

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30