Мәселе

Он жылдан кейін елімізде ауыз су тапшы болады

  • Он жылдан кейін елімізде ауыз су тапшы болады

    Он жылдан кейін елімізде ауыз су тапшы болады

Он жылдан кейін елімізде ауыз су тапшылығы сезіледі. Алматыда бас қосқан мамандар 2030 жылға қарай тіршілік нәрінен тарыға бастаймыз деп дабыл қақты, - деп хабарлайды КТК арнасы.

Халық судың да сұрауы барын ұмытқан. «Дәл қазіргідей қарқынмен тіршілік нәрін үнемсіз жұмсай берсек, алдағы он жылда су қоры 14 миллиард текше метрге азаяды», - дейді ғалымдар. Ал оның орнын толтыратын ірі-өзен көлдер жоқтың қасы. Бар болса да, бастауын басқа мемлекеттерден алады.


Егер көрші елдер трансшекаралық өзендердің арнасын жапса, Қазақстанды құрғақшылық жайлауы ғажап емес. Бұл экологиялық күрделі мәселенің түйінін шешуге мамандар бірнеше жоба ұсынып отыр. Оның бірі – ылғалды сақтайтын технологияны қолданып, ауыл шарушалығы алқаптарын үнемдеп суару дейді сарапшылар.


Ерлік Қаражан, ҚР Ұлттық экономика министрінің штаттан тыс кеңесшісі: - Еліміздің оңтүстігінде орналасқан таулардағы мұздықтар ери бастады. Солар мұз еріп біткен соң құрғақшылық басталады деген қауіп бар. Біз суды таусылмайтын қазына деп есептейміз. Алайда судың да сұрауы бар. Сондықтан бұл іспен ғылыми тұрғыда айналысу керек.




Көрілген: 732    Пікірлер: 0

жұма, 15.11.2019, 23:36

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31