Мәселе

Онлайн санақтан өткендер саны 5 миллионнан асты

  • https://almaty.tv/

    https://almaty.tv/

Санақтан онлайн өткендер қатары 5 миллионнан асты. Осылайша бүгінде санаққа қатысқан халық үлесі 26,3%-ті құрады.

 

Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 қыркүйек сағат 15:00-дегі жағдай бойынша 5003105 респондент онлайн санақтан өтті. Олардың 4323686-сы sanaq.gov.kz сайтында, 484878 адам Egov порталында тіркелу арқылы жауап берсе, 194541 адам санаққа Аitu қосымшасы арқылы қатысты.

 

«Онлайн санақтан өткендер саны бойынша Түркістан облысы алда. Мұнда 603743 тұрғын санақтан өткені жайлы хабарлама алған. Онлайн санақтан өткен тағы 527233 адам Алматы облысында тіркелген. Үздік үштікті Шығыс Қазақстан облысы түйіндеді. Мұнда 437656 адам санақ сауалдарына жауап берді», – делінген бюро таратқан ақпаратта.

 

Бұл көрсеткіш бойынша әзірге соңғы екі орынды Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстары еншілеп тұр. Бұл өңірлерде сәйкесінше 136773 және 133377 адам санақтан өтіпті.

 

Ал жергілікті халық санына шаққандағы санақтан өткендердің үлесі бойынша Қызылорда облысы алда тұр. Мұнда азаматтардың 43% сауалдарға жауап берген (1 тамыздағы жағдай бойынша өңірде 823052 адам тіркелген).

 

Бұл көрсеткіш бойынша Батыс Қазақстан облысы екінші орында. Мұнда тұрғындардың 35,9% бүгінге дейін санақтан онлайн режимде өткен (1 тамыздағы жағдай бойынша өңірде 749754 адам тіркелген). sanaq.gov.kz сайты 15 қазанға дейін тәулік бойы қолжетімді болмақ.

 

Онлайн санақтан өтпегендер 1-30 қазан аралығында интервьюерлердің сауалдарына жауап бере алады. Барлық сауалдар бойынша 1446 байланыс орталығына хабарласуға болады. Қоңырау шалу тегін.

 

 

 

24.kz




Көрілген: 415    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 22.09.2021, 17:03

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31