Мәселе

"Онсыз өмірім бос көрінетін": Есірткіге тәуелді жастар өз оқиғаларын айтты

  • "Онсыз өмірім бос көрінетін": Есірткіге тәуелді жастар өз оқиғаларын айтты

Қазақстанда жүз мыңнан астам адам наркологиялық есепте тұр. Бірақ іс жүзінде есірткіге тәуелділердің саны екі есеге көп дейді мамандар. Әсіресе, 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында синтетикалық есірткіге әуестенгендер көбейген. Қазір 14-15 жас аралығындағы, яғни оқушылардың арасында есірткіге ергендер көп екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның ”Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Өзін Тимур деп таныстырған жеткіншектің жасы 16-ға енді толған. Екі жылдың ішінде анаша, тұз, мефедрон сияқты есірткінің түр-түрін қолданғанын айтады. Есірткінің дәмін сегізінші сынып оқып жүрген кезде достарының қолқалауымен татып көрген. Кейін бірте-бірте тәуелді бола бастадым дейді. Соның кесірінен галлюцинация пайда болып, денсаулығы нашарлаған. Өздігінен тәуелділіктен арыла алмаған оны, ата  -анасы наркологиялық диспансерге емделуге әкеліпті.

 
“Уақыт өте келе тәуелді болдым. Құмарымды қандыру үшін ата-анамнан ақша сұрай беретінмін. Олар бермесе ұрлауға көштім. Кейін денсаулығым әлсіреп, психикама әсер етті. Бүйрек, жүрек, өкпе, бауырға зақым келді”, – дейді емделуші Тимур. 

Өзін таныстырғысы келмеген тағы бір жеткіншек те анашаны 16 жасында бастаған. 

“Мен анашаны күн сайын шеккім келді. Онсыз өмір бос көрінетін. Кейін көлік жүргізу құқығынан айырылдым. Артынша менен бәрі алшақтап кетті. Емделіп шығып, қайта жұмысқа тұрсам деймін. Отбасыммен қайта қосылғым келеді”, – дейді ол. 

Нарколог мамандар синтетикалық есірткіге тәуелді адамдардың жасы жыл сайын жасарып бара жатқанын айтады. Бұрын 20-25 жастан бастап әуестенсе, қазір 13 жастан бастап наша шегетіндер көбейген. 

“Өкінішке орай, синтетикалық есірткіні қолданатындар көбінесе жасөспірімдер. Әрі қарай жалғаса берсе, дерт жасарып, жастарымыз ауру болады. Ал оларды емдеу өмір бойына созылуы мүмкін”, – дейді нарколог Галина Андреева.

Еліміз бойынша 111 мың адам нашақор ретінде есепте тұр. Олардың үш жүзге жуығы кәмелетке толмаған жасөспірімдер. Өкінішке орай, есепке ілікпей қара түнектен шыға алмай қалған жасөспірімдердің саны қанша екені белгісіз. 




Көрілген: 501    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.09.2021, 09:25

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31