Мәселе

Оңтүстік Кореяға жұмыс істеймін деп барған елордалық әйел қарызға белшеден батқан

  • © tengrinews.kz

    © tengrinews.kz

Оңтүстік Кореяға барып, жұмыс істеймін деген елордалық әйел соңында қарызға белшеден батқан. Сеул қаласына ұшып барған ол әуежайдан ары аса алмапты, - деп хабарлайды "Еуразия бірінші арнасы".


Телеарнаның мәліметінше, алаяқтар әйелге "виза, сақтандыру полисі, жұмысқа орналастыру барлығын өзіміз тындырамыз" деп уәде берген. Осылайша ол жұмыс берушімен кездесіп, оның қолына жарты миллион теңгеден аса ақшаны санап берген.


Олар болса әйелді Алматыға шақырып, әулиелерді аралатып, сұлулық салонына апарған. Бұл қызметтер үшін әр адамнан жүз мың теңгеден қағып алыпты.


"Көк базарға апарып бізді киіндіре бастады. Бізге артық шығын керегі жоқ, онсыз да қарызға белшеден баттық деп едік оған құлақ асқан жоқ. Сол кезде бір шикіліктің бар екеніне күдіктене бастадым. Мен ол келіншекке 550 мың теңге бердім", - дейді жәбірленуші Айжан.


Сондай-ақ, телеарна тілшілері Алматыдан Кореяға сегіз адамның барғанын айтады. Билеттерді Өзбекстан арқылы алыпты. Сеулге барғанда інісі күтіп алып, жұмысқа орналастырады деп ескерткен екен. Алайда олар әуежайда ары аса алмапты.


Кореяға жұмысқа орналастырып беремін деп уәде берген Индира есімді әйел бір адамды 650 мың теңгемен жіберетінін айтады.


"650 мыңмен жіберемін бір адамды. 650 мыңның ішіне әуе билетіңіз, қонақүй, сақтандыру, кеден қызметі және Кореяға барғанда жұмысқа орналастырып бергенім кіреді 650 мыңның ішіне. Виза екі жылдық, бірақ ол бөлек мың доллар болады", - дейді Индира.


Айжан Индираға берген ақшасының тек 40 пайызын ғана қайтарып бергенін айтады. Бір қызығы алданғандардың ешқайсы полицияға шағым түсірмеген


kaz.tengrinews.kz


 




Көрілген: 726    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 21.08.2019, 11:20

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30