Мәселе

Опырылып жатыр: тау бөктерінде тұратын халықтан маза кетті

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Алматыда жолдың бір бөлігі опырылып түсті. Медеу ауданының тау бөктеріндегі сырғыма жыл өткен сайын жер үйлердің қоршауына жақындап келеді екен. Ал бір шеті кәдімгідей құзға айналған. Бұған тұрғындар қатты алаңдаулы. Бұл жолмен көліктерден бөлек, мектепке баратын балалар да жүреді екен. Ал бұған дейін бірнеше адам құлап, темір тұлпар түсіп кетті дегендер әкімдіктің ешқандай шара қолданбай жатқанына ашулы, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

 

Тау бөктерінде тұратын жұрттың көктем келген сайын үйінді астында қаламыз ба деген үреймен күн кешуде. Бұған себеп онсыз да ой-шұқыр болып ойылып жатқан жолдың опырылып түсе бастауы. Бұрын жан-жағын ағаш қоршап қауіпсіз болса, енді соның бірде-біреуі қалмады деп қынжылуда. Барлығы түп-тамырымен өзенге қарай құлап жатқан көрінеді. Бұған дейін бірнеше рет адам, тіпті темір тұлпардың өзі де құлағанын көргендер енді балаларымыз үшін алаңдаймыз деп отыр.

 

Ташкүл Асанова, қала тұрғыны:

 

-  Балаларға да қиын енді. Мына жерден бір машина құлап ішіне бір-ақ түсіп кеткен. Ағаштар, слива бәрі болған. Енді қазір түбімен қопарылып кетті ғой. Түсіп кетті речкаға. Қысты күні мына жерде мұзда ойнайды балалар. Түсіп кете ме деп қорқасың, артынан жүгіріп жүресің.

 

Тұрғындардың айтуынша, бұрын мұнда қарсы келген екі көлік емін-еркін сыйған екен. Ал, қазір ығысып жол берумен қозғалады дейді. Ал, жақын уақытта тағы да опырылып түскенін көргендер енді атқамінерлерден көмек сұрауда.

 

Арина Клепикова, қала тұрғыны:

 

-  Бұл опырылып түсудің барлығы біздің өмірімізге қауіп төндіруде. Салықты да басқасын да дер кезінде төлеп отырғандықтан, жоғарғы жақтан бізге көмектесуін сұраймыз. Өйткені, мұнда ешқандай жұмыстар жүргізіліп жатқан жоқ. Жолдың түрі де адам шошырлықтай. Біз өз есебімізден жасайын деп едік, бірақ тым көп шығады екен.

 

Көпшіліктің уәжінен кейін мұнда қызыл жолақ ленталар байланған. Бірақ, бұл оқыс оқиғадан сақтайды деген сөз емес дейді жиналғандар. Ал, төтенше жағдай қызметіндегілер қала бойынша дәл осындай орындарды анықтап, құжаттарын әзірлегенін жеткізді. Осы күнге дейін 81 сырғыма қауіпі бар аймақ анықталыпты. Оның 16-сы жоғарғы, 16-сы орташа және 45-ті төмен қауіпті екен. Енді қаражат мәселесі шешілсе ары қарай шешімі де табылар дейді.

 

Алмас Құрманов, қалалық ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының басшысы:

 

- Былтыр біз бұл участокті обследование жасаған кезде бұл жерде 1-2 метр шеті болған. Бірақ, сырғымаға қауіпті участок ретінде есепке алдық. Енді қазір қаржы мәселесі қандай іс-шаралар қолданылатыны қарастырылатын болады. АКТ жасаймыз. АКТ-тың қорытындысы бойынша ары қарай шешімдер қабылданатын болады.

 

Бүгінге дейін Бостандық, Медеу және Наурызбай ауданындағы 7 орынның қауіпі жойылып, толықтай жөнделген. Ал, мына бір опырылған орын екі жылдан бері назарларында екен. Бірақ, ешқандай әрекет жасамапты. Енді айналма жолдың мәселесі шешілсе бұл маңды жабу туралы шешім шығады дейді жауаптылар. Ал жанын шүберекке түйіп, мазасы қашқан жұртқа күтуден басқа амал жоқ.

 




Көрілген: 920    Пікірлер: 0

сенбі, 10.04.2021, 11:34

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31