Орал тұрғыны Петропавл, Павлодар мен Оралды Ресейге беру керектігін айтты

03 мамыр 2022, 11:14

Максим Яковченко есімді Орал қаласының тұрғыны әлеуметтік желідегі парақшасында ол Петропавл, Павлодар мен Оралды Ресейге беру керектігін айтты. Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы тілшісі Лұқпан Ахмедьяровтың Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

"Оралда мынадай адам тұрады. Бұл адамның аты-жөні - Максим Яковченко. Жақсы өмір сүріп жүрген секілді. Бірақ оған жатжерлікті кесірін тигізіп жүрген сияқты. Ол оларды маймыл деп атады. Максимнің үлкен арманы бар ол Орал, Петропавл мен Павлодарды және өзге де қалаларды тезірек Ресейге беру", - деп жазды журналист Лұқпан Ахмедьяров.

 

Батыс Қазақстан облысының полициясы Максим Яковченконы тексеруді бастады.