Мәселе

Оралда алимент төлемеген борышкер сотталды

  • http://kzl.sud.kz

    http://kzl.sud.kz

Оралда 3,6 млн теңге алимент төлемеген борышкер сотталып тынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, С. 2015-2019 жылдары екі баласына алимент төлемей, ол бойынша берешек 3,6 млн теңгеге жеткен.


Осылайша Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодекстің 138-бабының талабы бұзылған. Борышкер жеке сот орындаушысының ескертулерін ескермей, жұмысқа орналаспаған.


Жүргізілген шараларға қарамастан, жеке басының қамын ойлап, табысының үштен бір бөлігін алимент ретінде төлеу туралы соттың 2010 жылғы 22 ақпандағы шешімін қасақана орындамаған.


Оған қоса 2017 жылғы 4 қаңтарда «S» ЖШС-нің жалған бухгалтерлік құжаттарды өткізу фактісі бойынша ҚР ҚК 192-1-бабымен басталған (ескі редакцияда) сотқа дейінгі тергеу рақымшылық актісінің қолданылуына байланысты тоқтатылған. Ал оның құрылтайшысы С-ның заңсыз табыс тапқаны анықталды.


Орал қаласы прокуратурасының қозғау салуы нәтижесінде БҚО кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 10 қыркүйектегі үкімімен ҚК ҚК 139-бабына сәйкес (балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау) С-ның бір жылға бас бостандығы шектелді және ол 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тартылды.


Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.


 




Көрілген: 717    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.09.2019, 09:52

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31