Мәселе

Оралда полиция жол қауіпсіздігін қарапайым көлікте жасырын бақылауға көшкен

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Оралда жол қауіпсіздігін қадағалау шаралары күрт күшейтілді. Алайда жүргізушілер кейбір талаптарды жөн көрмейді. Мәселен, полицейлер қарапайым көлікке отырып, жол бойын жасырын бақылауға көшкен. Бұл әрекет дау туғызып отыр.

 

Жылдамдық өлшейтін жаңа құрылғылардың жұмысына да күмәнмен қарайтындар көп. «Өйткені сандық жүйе оңды-солды айыппұл сала береді» дейді тұрғындар.

 

Мәди қалада жылдамдық өлшейтін құрылғылар қосылған түні-ақ айыппұл арқалады. Газ педалін шамадан тыс басқанын жасырмайды. Ол тек бейнебақылау жүйесін оңтайландыруды сұрап отыр. Әйтпесе кейбір аумақтағы жабдықтар жылдамдықты сағатына 40 шақырымнан асырғанға бола суретке түсіріп алатын көрінеді.

 

«Ал полицейлердің жасырын жүріп бақылауы тіптен артық әрекет» дейді ол.

 

Мәди Бекежан, жүргізуші:

 

- Қырыққа қойып қойған камераны. Қырықпен жүру қалада қиындау. Жүрісің өнбейді. Жұмысыңа кешігесің. Полиция қазір қарапайым машинаға мініп те тексеріп жатыр екен. Ол өз ойымша, дұрыс емес. Қазір камера жұмыс істеп жатыр. Өздері де патрулькамен.

 

Қазан айының аяғында қалада жылдамдық өлшейтін 40 құрылғы қойылды. Алғашқы үш тәуліктің өзінде 18 мыңнан астам заң бұзушылық тіркелген.

 

Аз уақыт ішінде сандық жүйенің назарына сан мәрте іліккен жүргізушілер де бар. Мысалы, «Киа Рио» көлігі бір аптада 84 рет тәртіп бұзғаны анықталды.

 

Олжас Ыбырайымов, әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары:

 

- Жеті күн ішінде төленетін сомасы 1 200 000 теңге болатын. Соны төледі. Ал егер оны төлемеген жағдайда 2 400 000 теңге салынатын еді айыппұл. «Лексус» маркалы көлік құралымен айналдырған үш күннің ішінде 52 рет жол ережесін бұзып, 700 мыңнан астам айыппұл төледі. Қалада 100-110-нан асырып көлік құралдарын басқарған. Яғни өзінің іс-әрекеттерімен өзінің және басқа да жолға қатысушы азаматтардың өміріне қауіп төндірді.

 

Ал сағатына 40 шақырым жылдамдықтан сәл асырған жүргізушілерге қатысты жауапкершілік ақыр аяғы алынып тасталды.

 

Олжас Ыбырайымов, әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары:

 

- Алты жерінде 40-тан аспайтын шектеу белгілері орнатылған болатын. Біздің тарапымыздан тиісті тексеру жұмыстарын жүргіздік. Жүргізушілердің жолда тәртіптілігін зерделедік. Яғни сол аймақтарда жүргізушілердің тәртіптілігі жоғарылағаннан кейін біз ол аймақтардың бәрін 60 шақырым жылдамдыққа дейін жүрісін өсірдік.

 

Жаңа құрылғыларды алуға облыстық бюджеттен 314 млн теңге жұмсалған.

 

Ал күні бүгінге дейін жүргізушілерге салынған айыппұл көлемі 290 млн теңгеден асып жығылды.

 

- СС 07 не включил маневр. как принял?

 

- Автомашина Мерседес-бенц?

 

- Хорошо, поняли вас.

 

Бұл хабарлама қарапайым көлікке мінген жасырын жедел топтан түсіп жатыр. Темір тұлпарда полиция қызметіне тән арнайы белгілер де, көк-қызыл түсті шам да жоқ. Әйткенмен, ондағы экипаж көшеде жол қауіпсіздігін бақылап, барлығынан хабар жеткізіп отырады.

 

Тығылып тексеру заңға қайшы емес пе? 

 

Сағынғали Шайхиев, жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары:

 

- Заң бойынша мұндай тексеріске тыйым салынбаған. Біздің мақсатымыз – бейнебақылау құрылғылары жоқ аумақтарды тексеру. Әзірге жасырын патрульдеуге жалғыз көлік берілді. Одан әрі қалай болары талдау нәтижесіне қарай шешіледі.

 

Жол-көлік оқиғаларын азайту үшін полиция осындай небір тәсілдердерді қолданып жатыр. «Тиімдісін уақыт іріктейді» дейді олар.

 

 

 

24.kz




Көрілген: 795    Пікірлер: 0

сенбі, 20.11.2021, 20:20

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31