Мәселе

Оралда үшем жігіттер Отан алдындағы борышын өтеп жүр (видео)

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Оралда ақтаулық үшем Отан алдындағы борышын өтеп жүр.

 

Ағайынды Ақарыс, Бекарыс және Жанарыс Зеккеновтер жергілікті қорғаныс істері департаментінен өздерін бір әскери бөлімге жіберуін сұраған.

 

Құзырлы орган олардың өтінішін құп көрді. Қазір үшем-сарбаздар құқықтық тәртіп әскерінің қатарында. 

 

Көктемгі әскерге шақыру кезінде ақтаулық үшем 5517 әскери бөліміне жіберілді. Ағайындылар бір взводқа түсті. Әскери құрылым оларды айырмас үшін осындай шешім қабылдаған.

 

Үшем-сарбаздар көшеде қоғамдық тәртіпті қадағалау кезінде де әрдайым бірге жүреді. Сарбаздар сыңарларын үнемі іздеп тұратындарын айтады. Біреуі ауырып қалса, қалғандары да сырқаттанатын көрінеді.

 

Ақарыс Зеккенов, сарбаз:

 

- Біздер бөлектеніп кетсек, мысалы, мынау ауырып қалады екінші інім. Одан кейін мен ауырамын келесі күні. Сондай күндер туып тұрады. Ондай күндер полигонда да болған. Отан алдындағы борышты өтеу &ndash әрбір еркектің міндеті ол, ерлік.

 

Үшем мектепте, тіпті колледжде де бірге оқыған. Олар спортты серік етіп келеді. Үшеуі де жекпе-жек түрлерімен шұғылданады. Байрақты бәсекелерде талай мәрте топ жарды.

 

Жанарыс Зеккенов, сарбаз:

 

- Каратэ киокушенкайға қатысқаныма 9 жыл болды. Екі рет Қазақстан чемпионатын алдым. Бұйырса, барғаннан кейін жалғастыратын ой бар қайтып.

 

Спортпен айналысқан олар үшін әскери сынақтарды тапсыру қиын бола қоймаған. Зеккеновтер темірдей тәртіпке тез үйренісіп кеткендерін жеткізді. Ал әскери бөлім басшылары мен жауынгерлер үшін үшемдерді ажырату оңай емес. Ағайындылардың түр-сипатымен қатар мінез-қылықтары да өте ұқсас екен.

 

Жәнібек Сәрсенов, 5517 әскери бөлімі командирінің орынбасары:

 

- Бөлімнің тарихында егіздер болған, бірақ үшем тұңғыш рет болып жатыр. Үшеуі де жақсы қызмет атқарып жүр. Үшеуінің де қызмет көрсеткіштері жақсы оқу жағынан, спорт жағынан. Үшеуі де спортқа қатысқан. Ату жағынан өздерін жақсы көрсетті.

 

Үшем-сарбаздар болашақты әскери қызметпен байланыстырады. Қорғаныс саласында абыройлы қызмет атқару &ndash ағайындылардың ортақ арманы.

 

 

24.kz




Көрілген: 943    Пікірлер: 0

жексенбі, 25.10.2020, 09:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30