Мәселе

Оралда үйі өртенген көп балалы отбасы бір айдан бері қаңғырып жүр

  • Оралда үйі өртенген көп балалы отбасы бір айдан бері қаңғырып жүр

    Оралда үйі өртенген көп балалы отбасы бір айдан бері қаңғырып жүр

Оралды көп балалы отбасы бір айдан бері жалдамалы пәтер таба алмай жүр. Кішкентай балалары бар отбасы ешкімге керек емес. Қымбат пәтерге ақша жоқ. Үйінен айырылған отбасыға тек 145 мың теңге берілген.

Оның үстіне, қала әкімдігі мұқтаж жандарға уақытша өмір сүру үшін де пәтер бере алмапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.

 
Сариевтер өрттен балаларын әрең алып шыққан. Одан бері бір ай өтті, бірақ олардың тағдыры бұлыңғыр. Қазір уақытша туысының үйін паналап отыр. Бірақ бір бөлмелі пәтерде тұру мүмкін емес.

"Біз әкімдікке бардық, 2 рет бардық, арыз жаздық. Біздің сөзімізді қабылдамады. Қазіргі уақытта оларда үй жоқ. Біз тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа да бардық, олар да бізден бас тартты. Біз әлеуметтік қамсыздандыру қызметіне бардық, олар 145 мың бөлді. Қаражат наурыз айында аударылады", - деді Лунара Сариева.

Өрттің себебі де анықталды. Темекіден от тұтанған.  Бірақ 88 жастағы кінәлі көршісі өрттен қайтыс болды. 

"Бізді 4 баламен пәтерге кіргізбейді. Бір айдан бері пәтер таба алмай жүрміз. Көмекке Оралдан қамқор адамдар келді. Адамдар бір жарым миллион теңге жинады. Бірақ бұл ақша тіпті жатақхана бөлмесіне де жетпейді", - деді зардап шегуші.

Өрттен зардап шеккендерге уақытша тұрғын үй берілмейді деп түсіндірді тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінде.

"Өкінішке қарай, бізде ондай жеке категория жоқ. Бірақ бізде тұрғын үй комиссиясы бар, оның төрағасы - қала әкімі. Егер жәбірленушілер ресми өтініш жазса, комиссия оны қарауы мүмкін. Себебі уақытша пәтер берудің ережелері мен тәртібі бар", - деді тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің жетекшісі Жандос Дүйсенғалиев.

Шенеуніктер бұл жағдайды тексеріп, жақын арада түпкілікті жауап беруге уәде берді. 

Еске салайық, 19 ақпанда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында өрт болып, бес бала қайтыс болды. Петропавлда жатақхана өртеніп, екі адам қаза болды.




Көрілген: 1284    Пікірлер: 0

жұма, 26.02.2021, 10:51

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30