Орыс сыныбын талап етіп отырғандар кілең қазақ ұлтының өкілдері – Аятжан Ахметжанұлы

29 сәуір 2022, 22:43

Нұр-Сұлтан қаласындағы Қайым Мұхамедханов атындағы №90 гимназияның директоры, қоғам белсендісі, математик Аятжан Ахметжанұлы әлеуметтік желідегі парақшасына бүгін бір мектепті қазақ тілді етіп сақтап қалу үшін жиналыс болғанын жазды. Оған Мәжіліс депутаттары да қатысқан.

«Бұндайға ысылдық қой, заңдық тұрғыда біраз ата-аналарды «орнына қойдық». Тіл жанашырлары біраз лекция оқыды. Қырғын дау болды. Әлім келгенше бала құқы бұзылмайтынын заң бойынша түсіндіріп, «Басқа мектепке барасыз. Бұл мектеп таза қазақ боп қалады» деп кесімді сөз айттым. (Бір ресми мен шешетіндей)», – деді директор.

Ол, ең өкініштісі орыс сыныбын талап етіп отырған кілең қазақ ұлтының өкілдері екеніне қынжылады.

aikyn.kz