Мәселе

Ошақбаев зейнетақы жинағынның бір бөлігін білім беру үшін пайдалануды ұсынды

  • Ошақбаев зейнетақы жинағынның бір бөлігін білім беру үшін пайдалануды ұсынды

    Ошақбаев зейнетақы жинағынның бір бөлігін білім беру үшін пайдалануды ұсынды

 "Талап" қолданбалы зерттеулер орталығының директоры, Nur Otan партиясы саяси кеңесінің мүшесі Рахым Ошақбаев халыққа зейнетақы ақшасын тұрғын үй мәселесін жақсарту үшін ғана емес, білім алуға пайдалануды ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ошақбаев өз ұсынысын ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың қатысуымен өткен ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне қатысушылардың кездесуінде айтты.

Ведомство басшысы президенттің бастапқыда білім туралы айтқанын, бірақ жұмыс тобы елде оны алу үшін құралдар жеткілікті деп есептегенін, сондықтан қымбат емдеуді таңдағанын атап өтті. Алайда қазір заң жобасы парламентке енгізілді.

"Егер тұрғынға белгілі бір соманы алуға рұқсат берсек, ол оны білімге қолданса, ештеңе бола қоймас деген пікірдеміз. Сондықтан, егер сіз ЖОЖ мүшелері ретінде қолдасаңыз, онда депутаттар да бар, оны парламентте пысықтауға болар еді", – деп жауап берді Нұрымбетов.

Сондай-ақ, кездесуде "Мейірім акселераторы" республикалық еріктілер қозғалысының жетекшісі Айнұр Сәбитова сөз сөйледі.

Ол министрге еріктілік қызметі үшін еңбек өтілін есептеуді ұсынды.

Сонымен қатар, саясаттанушы, BTS Digital білім беру жобаларының жетекшісі Саясат Нұрбек елімізде қызметкерлерді икемді кесте мен қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру үшін заңнамалық шектеулер бар екеніне назар аударды.

"Бұны реттеу керек, өйткені карантин режімі ұзаққа созылады", – деп атап өтті Нұрбек.

Кездесу қорытындысы бойынша, айтылған ұсыныстарды министрлік қарайды деген шешім қабылданды.

Stan.kz




Көрілген: 268    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 21.09.2020, 20:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Қазан, 23:05
    Кімге ренжиміз?..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31