Мәселе

Өскеменде Абайдың өлеңін оқыған әкімдік қызметкерлеріне айыппұл салынды

  • Өскеменде Абайдың өлеңін оқыған әкімдік қызметкерлеріне айыппұл салынды

    Өскеменде Абайдың өлеңін оқыған әкімдік қызметкерлеріне айыппұл салынды

Олардың жазығы - мемлекеттік деңгейде қолға алынған бұл шараны карантин кезінде ұйымдастырғандықтарында болып тұр.
Өскемен қалалық әкімдігінің лаузымды тұлғалары әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Altaynews.

Атап айтқанда, қала әкімінің орынбасары мен Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысына айыппұл салынып отыр. Не үшін?

Естеріңізде болса, тамыз айының басында Өскемен қаласы әкімдігінің қызметкерлері Абай күніне орай ұлы ақынның өлеңін оқыған еді.

Қала әкімі Жақсылық Омар бастаған әкімдік қызметкерлері Абайдың "Әсемпаз болма әрнеге" өлеңін оқып, видео-эстафетаны Қостанай қалалық әкімдігіне жолдады.

Мәселенің бәрі сол бейнежазбада болып тұр.

Облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылайтын департаментінің ақпараты бойынша, оннан астам адам қатысқан видео-эстафета шектеу шаралары кезінде түсірілген екен. Эстафетаға қатысушылар маскалық режим мен әлеуметтік арақашықтықты сақтағанына қарамастан әкімнің орынбасары мен бөлім басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылып отыр. 




Көрілген: 414    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.09.2020, 23:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31