Өскеменде әуе қатынасы бір айға тоқтатылады

11 сәуір 2021, 01:40

Өскеменде әуе қатынасы бір айға тоқтатылады. Топырақты жолақтан ұшу маусым айынан ғана басталмақ, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

 

«Өскемен әуежайы» АҚ ақпараты бойынша, 1 мамырдан 31 тамызға дейінгі аралықта жасанды ұшу жолағында жұмыстар жүргізу жоспарланған.

 

Барлық рейстер Семейге ауыстырылады.

 

1 маусымнан бастап топырақты ұшу жолағы іске қосылады.

 

-  1 маусым мен 31 тамыз аралығында Нұр-Сұлтан, Алматы, Семей, Зайсан және Үржарға «Ан-24» әуе кемелері топырақты ұшу-қону жолағынан ұшырылады, - деп мәлімдеді әуежай әкімшілігі.