Мәселе

Өскеменде жоғалып кеткен әйел сығандардың арасынан табылды

  • Өскеменде жоғалып кеткен әйел сығандардың арасынан табылды

    Өскеменде жоғалып кеткен әйел сығандардың арасынан табылды

Өскеменде жоғалып кеткен әйел сығандардың арасынан табылды. Анна Храмцованың туыстары мен полиция оны 10 күннен аса уақыт іздеген. 


Жоғалып кеткен әйелді іздеуге Lider.kz еріктілері де көмектескен. Анықталғандай, әйел ауылда сығандардың үйінде болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Устинка Live сайтына сілтеме жасап.


Еріктілердің бірі Аннаның туысына хабарласып, әйелді Красина аулындағы дүкеннен көргенін айтқан. Ол сығандармен бірге жүріпті.


Артынша полицейлер мен әйелдің туыстары сол жерге барған.


Полициядағылардың сөзінше, сығандар әйелді ауыл көшелерінің бірінде кездестірген. Ол сол кезде жеңіл киініп жүріпті.


Әйел оларға қайда тұратынын айта алмаған. Сондықтан сығандар оны өз үйіне шақырып, артынша әйелдің туыстарын іздестіре бастапты.


Қазіргі уақытта Анна Храмцова туыстарының жанында.




Көрілген: 1236    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 29.04.2019, 11:07

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30