Мәселе

Өскеменде мүгедек балаларды тегін емдейтін орталық жабылайын деп тұр

  • https://altaynews.kz/

    https://altaynews.kz/

Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты мүгедек балаларға тегін қызмет көрсететін орталықты жабу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Сот облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаментінің, атап айтқанда қызметкер З.Е.Омарханованың дәйексіз ақпаратын негізге ала отырып осындай шешімді қабылдаған. Нәтижесінде денсаулық мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек қолын созып келген «Катализатор прогресса» атты жекеменшік қор жабылудың аз-ақ алдында тұр.

 

Сот «мемлекеттік тапсырыс заңсыз» дегенді алға тартып, биыл мемлекеттен қаржылай қолдау көрмеген белгілі бір жеке ұйымның мүддесін қолдай отырып, ауруға шалдыққан балалардың аяққа тұрып кетуіне айтарлықтай кедергі жасап отыр.

 

Ал аталмыш орталық туралы толығырақ айтар болсақ, мұнда аутизмге және ДЦП-ға шалдыққан балаларға тегін қызмет көрсетіледі. Осыған дейін мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс негізінде жұмыс істеп келді. Алайда қазір мемлекет тарапынан көрсетілетін қаржылай қолдау сап тыйылды. Оған себепкерлерді жоғарыда атап өттік. Дегенмен орталық мамандары жұмысты тоқтатқан жоқ.

 

&ndash Орталығымыз ерекше қарауды қажет ететін 27 балаға тегін қызмет көрсетіп келеді. Сот жұмысымызды тоқтатқанымен, өзіміз жұмысты жалғастырып келеміз. Өйткені басталған ем-домды орта жолда қалдыруға болмайды. Мұнда балалармен дефектолог, логопед, психолог, массажист мамандар жұмыс істейді. Бәрі білімді, білікті. Бассейнге дейін апарады. Ал балалардың ата-аналары жұмыс істемегендіктен, басқа ақылы орталықтарға баруға шамалары келмейді, &ndash дейді орталықтың жетекшісі Дарын Сағдолдин.

 

Ал денсаулық мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары қоғамнан және мемлекет басшысынан көмек сұрап, бейнеүндеу жариялауда. Басқа қолдан келер қайран қайсы.

 

Орталық шынымен жабылар болса, балаларға тегін арнайы әлеуметтік қызметті кім көрсетеді. Ал ақылы орталыққа баруға әрбір ата-ананың қал-қадірі жете ме? Бұл мәселенің төңірегінде осы сынды жауапсыз сауалдар өте көп. 

 




Көрілген: 394    Пікірлер: 0

сейсенбі, 10.11.2020, 02:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Қаңтар, 23:18
    Тазалықтың 7 ережесі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31