Мәселе

Өскеменде тойға келген қонақтар терезе арқылы қашты (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Өскемен қаласындағы "Көкжал" мейрамханасында карантин шараларына қарамастан үйлену тойы ұйымдастырылған. Алайда, полицейлер мен әкімдік қызметкерлері алты сағат бойы мейрамханаға кіре алмаған, деп хабарлайды YK-news.kz.

 

Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздігін қадағалау департаментінің хабарлауынша заңбұзушылық 20 қыркүйекте болған. Ал шақыртусыз келген қонақтарды ғимаратқа кіргізбеген.

 

ВИДЕО:  www.youtube.com/watch

 

Әкімдік өкілдерінің мәлімдеуінше, құлыпталған есік жедел жәрдем көлігі келген кезде ғана ашылған. Өйткені, қонақтардың бірінің денсаулығы күрт нашарлағандықтан өздері шақырған.

 

"20 қыркүйек күні "Көкжал" мейрамханасында адамдардың көп жиналғаны анықталды. Бұл Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік бас санитар дәрігерінің қаулысын бұзу болып табылады", – дейді Өскемен қаласы тауарлар мен қызметтерінің сапасын бақылау және қауіпсіздігін қадағалау департаментінің бас маманы Құралай Дүзгімбаева.

 

Қазіргі кезде аталған заңбұзушылық туралы барлық фото және видео материалдар тиісті шаралар қолдану үшін жауапты мекемелерге берілді.

 

sputniknews.kz

 




Көрілген: 436    Пікірлер: 0

сейсенбі, 22.09.2020, 13:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Қазан, 23:05
    Кімге ренжиміз?..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31