Мәселе

Өскемендегі балалар үйінде 4 жасар мүгедек баланың жамбасын сындырған

  • Өскемендегі балалар үйінде 4 жасар мүгедек баланың жамбасын сындырған

    Өскемендегі балалар үйінде 4 жасар мүгедек баланың жамбасын сындырған

Өскемендегі балалар үйінде 4 жасар мүгедек баланың жамбасын сындырған. Бұл туралы оқиғадан бір ай өткеннен кейін ғана белгілі болып отыр.

Балалар үйіндегі бала күтуші әйел жаға ұстатарлық жайтты айтып берді. Оның сөзінше, бұл жетім балаларға жәбір көрсетілген алғашқы жағдай емес, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Еуразия бірінші арнасына» сілтеме жасап.


Балалар үйіндегі тәрбиеші мен бала күтуші 4 жасар Арланның жамбасы сынғанын бір ай бұрын байқапты. Олар бұл туралы дәрігер мен директорға жеткізген. Ендігі Назым Исаеваның өзі баланың денсаулығына зиян келтірді деп айыпталып отыр екен.


Исаеваның сөзінше, оқиғадан кейін оған жұмысынан өз еркімен кету ұсынылған. Алайда бала күтуші соңына дейін жұмыс істеуге бел буып отыр.

«Балалар үйінде балаға қатыгездікпен қараған. Мұндай жағдай басқа топтарда да болған. Аяғын сындырып, басын жарып, ұрған. Мен үндемей отыра алмағандықтан, жұмыстан шығарғалы жатыр. Басқалары айтуға қорқады», - дейді Назым Исаева.


Ал балалар үйіндегілер тәрбиеленуші баланың денсаулығына зақым келгенін растап отыр. Алайда мекеме басшылыға да, дәрігерлер де қызметкерлердің баланың денсаулығына қасақана зиян келтіруі мүмкін екеніне сенбейді. Кездейсоқ жағдай болуы мүмкін, дейді олар.


«Егер бала денесінің белден төменгі бөлігін қозғалта алмаса, жүре алмаса және үнемі жатса, сүйекке тиесілі күш түспегендіктен, мұндай жағдайда, тіпті, сау адамның өзінің сүйегі сынғыш болады», - дейді балалар үйінің дәрігері Наталья Полякова.


Оқиғадан кейін балалар үйінде тексеріс жүргізілген. Алайда бала зақымданған күні кім кезекші болғанын анықтау да мүмкін болмапты.


«Аталған факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Соның нәтижесінде баланың қашан, қалай жарақаттанғанын анықтауға болады», - дейді қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметінің инспекторы Гүлнұр Түсіпова.


Қазіргі уақытта «Балалардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде міндеттерін тиесілі түрде орындамау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.  




Көрілген: 374    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.04.2019, 10:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31