Мәселе

Өскемендегі жарылыс (видео)

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Өскемендік құрылысшылар жұрттың үрейін ұшырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

19-ықшам ауданда жарылыстың қатты болғаны соншалық, жан-жаққа тас ұшып, электр сымдары отқа орана жаздаған. Кейбір пәтерлердің терезелері шытынады. Енді тұрғындар жарылыс жұмыстары қашан аяқталады әрі шығын өтеле ме деп алаңдаулы.

 

Дүйім елдің үрейін ұшырған жарылыс осылай болды. Бұл кезде Дастан Қазақбаев үйінде отбасымен бірге жайбарақат отырған екен. Аяқ асты жер сілкінгендей болғанда, бастапқыда абдырап қалыпты. Оларға жару жұмыстары болатынын ешкім ескертпеген.

 

Дастан Қазақбаев, қала тұрғыны:

 

&ndash Қатты болды, үй дірілдеп кетті. Терезе де шытынап кетті. Бұл жаңадан берілген үй, жарылыс әсер етеді, арнайы органдар келіп қараса деймін.

 

Ал Несіпжамал Азаматова үйдің сыртында көктемде пайда болған жарық осы жарылыс салдарынан ұлғайып келе жатқанын айтады. Осы жолы үй тұрмақ, зейнеткердің өзі де зақым ала жаздапты.

 

Несіпжамал Азаматова, қала тұрғыны:

 

&ndash Сарт ете түскенде, менің басым қайқаң ете түсті, қара құсым ұстап қалды.

 

Бұл жақтағы құрылыс алаңында жарылыс жұмыстарының тамыздан бері тоқтаусыз жүргізіліп жатқанын бұған дейін де айтқанбыз. Тұрғындар да талай рет шағымданған. Осы жолы қатты шошынған жұрт полиция басқармасына шағым түсірген екен. Өйтпеске амал қалмаған.

 

Айнұр Мамырбаева, пәтер иелері кооперативінің төрайымы:

 

&ndash Өте жақын орналасқан, алты плита ар жағынан құлады. Аулалардың алдында жеңіл көліктер тұрды. Соның жанына тастар құлады. Арыз жаздық, арыз түсіріп өзіміздің қарсылығымызды білдірдік.

 

Жару жұмыстарын жүргізіп жатқан компания басшылығы осы жолғы жарылыстың шынында да қуатты болғанын жасырмады. Өйткені тастақ жерді жару қиын болған екен. Дегенмен маңайдағы көпқабатты үйлер мен ондағы пәтерлерге қандай да бір зақым келсе,оны өтеуден қашпаймыз деп сендірді.

 

Владимир Лысенко, бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізуші компанияның директоры:

 

&ndash Шынымен осы жолғы жарылыс қатты болғаны рас. Өте мықты жер қыртысын жардық. 2 тонна жарылғыш зат қолдандық. Бірақ ешқандай талапты бұзған жоқпыз. Ұшып кеткен тастардың барлығын жинастырдық. Ал қандай да бір үйге немесе пәтерге зақым келген болса, ол бас мердігер компанияның сақтандыру келісімшарты арқылы қалыпқа келтіріліп, шығыны өтелетін болады.

 

 Облыстық құрылыс басқармасы жарылыс қаншалықты уәкілетті орган берген рұқсатқа сай жасалғандығын анықтап көрмек.

 

Әсет Сүлейменов, облыстық құрылыс басқармасының басшысы:

 

&ndash Шындығында көп болған сияқты, видеоны қарадық, сол бойынша өнркәсіптік қауіпсіздік департаменті бар соларға уәкілетті органға жарылыстың күшін заңдылығын бәрін тексеру үшін хат жолдаймыз.Егер қандай да бір мердігер компанияның заңды бұзушылықтары болса, тиісті шаралар қолданылады.

 

Жалпы тамыздан бастап бұл алаңда 20 жарылыс болды. Енді екеуі қалыпты. Алайда қауіпісіздік мақсатында соңғы екеуін кішірейтіп, төртке бөліп жасау туралы шешім қабылданды. Ал тұрғын үйлерге келген шығын көлемін қарашаның алтысынан соң яғни жарылыс жұмыстары толық аяқталғанан кейін сарапшылар комиссиясы есептемек.

 

Айта кету керек, аталған алаңда гемотологиялық орталық салынғалы жатыр.

 




Көрілген: 298    Пікірлер: 0

сейсенбі, 29.09.2020, 02:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қазан, 22:51
    ЖАҚСЫ ЕНЕНІҢ 15 әдеті
    26 Қазан, 23:05
    Кімге ренжиміз?..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31