Өскемендік сылқым қазақ жігітінен алған қымбат сыйлықтарымен мақтанды (фото)

20 желтоқсан 2021, 21:40

Өскемен қаласының тұрғыны әлеуметтік желіде қымбат сыйлықтарын салып мақтанды. Vip-қазақ деп атаған сүйіктісінің бұл әрекетіне бойжеткен дән риза.

 

Кристина жиі алатын сыйлықтарына құрбыларының қызғанышпен қарайтынын айтады, деп хабарлайды Экспресс К.

 

Қалталы азаматтың сүйіктісіне айналған сылқымның соңғы кездері әлеуметтік желіге мақтана салатын бейнежазбалары жиі талқыланады. Ол бір ғана ұялы телефонын 2 жылдың ішінде бірнеше мәрте ауыстырғанын айтады. Қазір қолында ең соңғы үлгідегі смартфон.

 

@ belyanina_kristina

 

Сонымен қатар қазақ жігіті жаңа жыл қарсаңында бойжеткенді Дубайға саяхаттатып, тамаша жол талғамайтын көлік сыйлаған. Одан қала берді мақтаншақ бикеш мобильді банк қосымшасына келген ақшалай аударымдарының да скринделген суреттерін парақшасына жиі жүктейді.

 

@ belyanina_kristina

 

Бұрынғы жігітім маған мендей жігітті енді кездестірмейсің деп мазақ еткен еді. Ал қазір бәрі қызғанышпен қарайды. Менің күнделікті өмірім, сыйлықтарым мен жүріс-тұрысым түгелдей сүйікті Vip-қазағымның мойнында. Мен өте бақытты жанмын, — дейді Кристина.

 

@ belyanina_kristina

 

Оның әлеуметтік желіде әдемі өмірінен салынған фото-видеолары соңғы кезде миллиондаған қаралымға жеткен.