Мәселе

«Осылай қарап отыра берсек арам өлеміз!»: сенатор Қызылорда облысындағы былықтың бетін ашты

  • фото: ult.kz

    фото: ult.kz

Сенатор Мұрат Бақтиярұлы Қызылорда облысына іссапармен барып, бір былық жайлы баяндады. Енді ол көзімен көргенін, көңілге түйгенін әлеуметтік желіге жазып, "қазіргідей қиын жағдайда әрбір тиын санаулы болуы керек" деп отыр. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы хабарлайды.

 

Оның жазбасына көзжүгіртсек, Қызылорда облысында өз құнынан бірнеше есе қымбатқа салынған нысандар көп екен. Мәселен ол, "ауылдық жерге кішкентай ғана амбулаторияны салуға қалайша 154,5 млн теңге кеткен?" деп бас қатырды.

 

"Парламент мүшесі ретінде арнайы Қызылорда облысындағы Қараөзек ауылдық округінде болып мемлекеттік жеке әріптестік негізде жобалық құны - 154,5 млн теңге тұратын дәрігерлік амбулаторияны көзбен көрдім. Қараөзектегі амбулатория ғимаратының көлемі 350 кв м. ғана. Мұнда медициналық құрал-жабдықтар жоқ есебі. Сонда тек 350 кв. м. ғимараттың құны ауылдық жерде қалайша 154, 5 млн теңге болады? Маған ешкім түсіндіріп бере алмады. Оның құны ары кеткенде 30 млн теңгеден аспайтын обьектіні бес есе қымбатқа салу ақылға симайтын дүние. Осындай мемлекеттік жеке меншік әріптестік негізде өзіндік құнынан бірнеше есе қымбатқа салынған обьектілер облыста көп екен.

Қазір облыс бюджетінен МЖӘ негізінде осы қаржыларды қайтару үшін милиардтаған қаржы бөлініп отыр. Бюджетке орасан зор шығын әкелетін мұндай мемлекеттік жеке меншік әріптестіктің құны көк тиын", - деп ойын ашық жазды.

 

Бұл аз десеңіз, облыстық прокуратураның назарына бұл істі жылы жауып қоймай, шара қолдану керектігін ескертті.

 

"Мемлекеттік мүдде, обал-сауап, ұят деген қасиетті дүниелерді жоғалтып алдық. Осындай обьектілер бойынша жасалған келісім шартты заң аясында бұздырып қайта жасау керек. Облыстық прокуратураның назарына! Осыған жол берген лауазымды тұлғалар тиісті шара көру керек деп есептеймін. Еліміз ауыр күндерді басынан өткізіп жатқанда әрбір тиын санаулы болуы керек", - деп желідегі жазбасына түйіндеді.

 

Айтпақшы, айтары бар сенатордың бұл ойы көпшілікке ұнаған сыңайлы. Себебі, оның жазбасын оқығандар: "Сыбайлас жемқорлық мемлекеттігімізге қауіпті болып тұр. Тоқтатпаса, түбі жақсылыққа апармайды", "Бұл тек кішкентай ауылдың негізіндегі бір мысал. Бұл туралы Ел Президенті осы мемлекетте аса ірі көлемде тонау болып табылатынын көрсетті. Бұл әріптестік бір бағытта құрылған, елдің триллиондаған қаржысы қолды болып отыр. Жекелер бір теңге де салмайды.

 

"Самұрықтың" ақшаны шашуына, КТЖ тсс. тонауларға ешкім әлі мұрнын сұққан жоқ. ("СК Фармация", "ФОМС", "Зейнетақы қоры" дегендердегі былықтар, жүздеген миллиард жымқырулар). Осылай қарап отыра берсек арам өлеміз", "Кінәлілер жазаланып, жемқорлар тиісті жазасын алуы керек! Мұрат аға, жазғаныңыз сөз жүзінде қалмасын", - деп оны қоштай жөнелді.

 




Көрілген: 2102    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 29.07.2020, 22:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31