Ақмола облысының тұтынушылар құқығын қорғау департаменті қорқынышты ойыншықтардың балалар психологиясына әсер ететініне алаңдаулы, деп жазады Today.kz департамент басшысы Қайрат Баймұхамбетовке сілтеме жасай отырып
Оның айтуынша, ойыншықтың сегіз үлгісіне сарапатама нәтижесінде, “Монстр Хай”, “Май монстер”, “Веборелла” және “Магик Гел” сияқты қуыршақтар баланың психикасына кері әсерін тигізетіні анықталған.
“Бұл ойыншықтар қорқыныш тудырады, салдарынан алаңдау мен агрессия пайда болады; құбыжық бейнелері зорлық көрсетуге байланысты сюжеттерді еске салады, о дүниені насихаттайды, бұл баланың ұйқысын тынышынан айырып, жағдайын төмендетеді және балада суицидальды мінез-құлық қалыптастырады”, – деп қорытындылады Баймұхамбетов.
Сараптама қорытындылары облыстың білім беру мекемелеріне жолданды, жоғарыда аталған ойыншықтардың балаға әсерін түсіндіру үшін ата-аналар жиналысын өткізу ұсынылған.
Дереккөз: Today.kz