Мәселе

«Отбасылық зорлық-зомбылық» туралы заң жобасына түзетулер енгізілмек

  • «Отбасылық зорлық-зомбылық» туралы заң жобасына түзетулер енгізілмек

    «Отбасылық зорлық-зомбылық» туралы заң жобасына түзетулер енгізілмек

 Сан сауал тудырған Заң жобасы дауға айналды. Былтырғы Мәжіліс, бірінші оқылымда мақұлдап жіберген "Отбасылық зорлық-зомбылық" туралы заңнама қоғам арасында шу шығарды. Өзгерістер, көптің көңілінде күдік тудырды. Наразылық танытып, депутаттарды сынайтындар көбейді, деп хабарлайды Астана арнасы.

 Жаңа Заң жобасында ақылға қонымсыз баптар кездесетінін депутаттар мойындады. "Заң әлі де қаралады" деп сендірді. 

Жаңадан сайланған депутаттар жұмысына кіріспей жатып бастары дауға қалды. Былтыр, бірінші оқылымда мақұлданып кеткен заң Мәжілісті жерге қаратты. "Бұл алдыңғылардың қателігі", деп ақталды су жаңа депутаттар. Қалай болғанымен көпшілік бұл заңды аямай сынады. "Жылдар бойы қалыптасқан қазақи құндылық далада қалды" дейді белсенділер. Елдің қытығына тиген тұстың бірі - киелі "ата-ана" сөзінің «асыраушыға» айналуы. Тағы бір түсініксізі баланың әке-шешесіне шағымдана алуы. Ес білмеген баланың сөзі ата-ана сөзінен салмақты болып шыға келді.

 БЛИЦ: -

 Заң ішімдік ішіп, отбасына зияны тиіп жүргендерге болады. Бірақ, сүндетке отырғызуға болмайды, бесікке жатқызуға болмайды, бесіктен миы шайқалады,-дейді. Бұл ана мен баланы бір-біріне қарама-қарсы қою! 

  - Оны дұрыстап қарау керек, бір заңмен шешіп тастауға болмайды. - Енді әлі піспеген шикі ғой, мүмкін алып-қашпа әңгіме шығар. Олай бола қоймайды-ау.

 Ал депутаттардың айтуынша, заң жобасы анау айтқандай нашар емес. "Отқа май құйып", жүргендер көп көрінеді. Дегенмен, заңнаманы үңіліп оқымағандарын депутаттар мойындап отыр.

"Бұл мәселеге үңіле алмай қалып, бірінші оқылымда мақұлдап жіберіппіз. Қарсымын, қазір қарсы болып тұрмын", - деді Бекболат Тілеухан.

 Даулы Заңды жаңа депутаттар "жарылқаймыз", деп отыр. Жуырда тіпті арнайы жұмыс тобы да құрылатын көрінеді. 

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев, "Заң жобасындағы түйткілдер түбегейлі өзгереді", дейді.  

"Мен алдыңғы шақырылымдағы заң жобасымен танысқан жоқпын. Қазіргі заң жобасында айтылып жатқан бөлімдердің көбі жоқ. Ал енді біз жаңадан бастаймыз. Міндетті түрде заң әр азаматтың құқығын қорғау үшін жасалатын құжат", - дейді Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев. 

 Бұл заңның көптің қытығына тигені сол оны елде еңбектеген баладан бастап, еңкейген қарияға дейін айтып жүр. Бірақ, бекер дүрлігудің қажеті жоқ. Өйткені, Заң жобасы Мәжілістің бірінші оқылымында мақұлданғанымен Сенатқа жеткен жоқ. Яғни, ол әлі де қаралады. Пысықталады, толықтырлады. Жаңа депутаттар, "Халық мүддесіне жауап беретін, заң қабылданады", дегенді айтып отыр.




Көрілген: 1516    Пікірлер: 0

бейсенбі, 21.01.2021, 01:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31