Өткен тәулікте 14 мыңнан астам адамның коронавирус жұқтырғаны расталды

23 қаңтар 2022, 11:02

Нұр-сұлтан, Алматы және үш өңірде мыңнан астам науқас тіркелгені хабарланып отыр. Өткен тәулікте елде 14 012 науқастың коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсетті, деп хабарлады коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Аймақтар бойынша:

Нұр-сұлтан қаласы - 3460
Алматы қаласы - 2516
Шымкент қаласы - 315
Ақмола облысы - 1006
Ақтөбе облысы - 414
Алматы облысы - 483
Атырау облысы-463
Шығыс Қазақстан облысы - 593
Жамбыл облысы - 214
Батыс Қазақстан облысы - 558
Қарағанды облысы - 2036
Қостанай облысы - 244
Қызылорда облысы - 183
Маңғыстау облысы-189
Павлодар облысы - 1014
Солтүстік Қазақстан облысы - 189
Түркістан облысы - 135.