Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

«Өтініш жазудың керегі жоқ». Вице-министр аналарға қуанышты жаңалықпен бөлісті

27 желтоқсан 2022, 18:30

Қазақстанда бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеу мерзімін ұзарту үшін қосымша өтініш жазудың керегі жоқ. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Halyq Uni.kz-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, президент Жолдауда берілген тапсырмаларға сәйкес келесі жылдан бастап бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеу мерзімі 1,5 жасқа дейін ұлғайтылған. Ол жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін ата-аналарға қолданылады.

 

Бұл құқықты 500 мыңнан аса ата-ана пайдаланады. Оны іске асыру үшін бюджеттен қосымша 183 млрд теңге қарастырылған. Төлем мерзімін 1 жылдан 1,5 жылға дейін ұзарту 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға сәйкес, бала күтімі бойынша жәрдемақы алушыларға ғана қолданыстағы заңнама күшіне енген сәттен бастап жүзеге асырылады. Қосымша өтініштер жазу немесе рәсім талап етілмейді. Жәрдемақы автоматты түрде ұзартылады, - деді Назгүл Сағындықова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

 

Вице-министр төлем алушылардың ұялы телефонына SMS хабарлама жіберілетінін атап өтті.