Мәселе

Ойына келгенін істеген: Балқашта зорланған қыз ақыры дегеніне жетті

  • Ойына келгенін істеген: Балқашта зорланған қыз ақыры дегеніне жетті

    Ойына келгенін істеген: Балқашта зорланған қыз ақыры дегеніне жетті

Сот зорлықшыларға жазаны күшейтті, енді төртеуі де 8 жылдан түрмеде отырады. Балқаш қаласында қыз зорлағаны үшін сотталған полицей мен оның үш досына кесілген жаза күшейтілді.




Зардап шеккен қыз соттың үкімімен келіспей, апелляцияға шағым түсірген еді. Нәтижесінде жаза мерзімі 8 жылға дейін ұлғайтылды, деп жазды Orken-media.kz порталы.

Естеріңізге сала кетейік, қылмыс өткен жылдың мамырында жасалды. Төрт жігіт түнгі клубтан шыққан қызды көріп, оның соңына түскен. Олар жәбірленушіні көлікке күштеп мінгізіп, жағалауға алып келген, ұрып-соғып, кезектесіп зорлап, ойына келгенін істеген. Содан кейін ізін суытқан. Зорлықшылар ұсталды, олардың бірі құқық қорғау органдарында жұмыс істейтін болып шықты.


Сот үкімімен төртеуі де екі бап бойынша кінәлі деп танылды. Үшеуі бес жарым жылға сотталса, біреуі бес жыл және үш айға бас бостандығынан айырылды.


Бойжеткен соттың үкімімен келіспей, апелляцияға шағым түсірді. Қарағанды облыстық сотының алқасы жазаны күшейтті, енді төртеуі де 8 жылдан түрмеде отырады. 




Көрілген: 1007    Пікірлер: 0

жұма, 12.04.2019, 11:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31