Мәселе

Өз атына 50 мың нөмір тіркелгенін білген тұрғын құлап қала жаздады

  • Өз атына 50 мың нөмір тіркелгенін білген тұрғын құлап қала жаздады

    Өз атына 50 мың нөмір тіркелгенін білген тұрғын құлап қала жаздады

Осы нөмірлерді қолданған адамдардың бірі, мысалы қоңырау шалып, бомба туралы жалған хабар беруі мүмкін ғой немесе кейбірі алаяқтар болса, қайтемін?

Ол дереу арыз жазды, осылайша бұл нөмірлердің барлығы жабылып, қыздың нақты нөмірі өз атында қалдырылды.

Петропавл тұрғыны өз атына 50 мың ұялы телефонның тіркелгенін анықтап, төбе шашы тік тұрды, деп хабарлайды BaigeNews.kz-ке сілтеме жасап zakon.kz.


Бұл туралы бойжеткен өзі тіркелген байланыс операторы кеңсесіне хабарласқанда білген.

Марияның айтуынша, ол ешқашан осынша көп нөмірді пайдаланған да, біреуге сыйға тартқан да емес. Ол өзінің қолындағы ұялы телефон нөмірін ұзақ уақыт бойына пайдаланып келеді, оны да көптен бері жаңартпаған.


«Естігенде құлап қала жаздадым. 50 мың нөмір, өзіңіз елестетіп көріңізші. Сонда менің атымнан бүтін бір әскер тіркелген бе, не» - дейді Мария.


Қыздың бұл сауалына оператор мандытып ештеңе айта алмаған. Алайда, бір белгілісі, олардың барлығы оның ЖСН-іне бекітілген екен.


«Мен бірнеше жыл бұрын жеке бас куәлігімді жоғалтқанмын, сірә сол бойынша берілген сияқты. Бірақ білесіз бе, менің неден үрейлетінімді? Осы нөмірлерді қолданған адамдардың бірі, мысалы қоңырау шалып, бомба туралы жалған хабар беруі мүмкін ғой немесе кейбірі алаяқтар болса, қайтемін? Ресми түрде бұл нөмірлердің иесі мен, әрине қандай да бір қиындықтарға тап боларым хақ қой. Нөмірді тексеріп көру деген менің ешқашан ойымда болған емес», - дейді ол.

Ол дереу арыз жазды, осылайша, бұл нөмірлердің барлығы жабылып, қыздың нақты нөмірі өз атында қалдырылды. 




Көрілген: 739    Пікірлер: 0

сейсенбі, 22.10.2019, 23:08

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қараша, 10:13
    Сауапты іске жұмылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30