Мәселе

Өз-өзіне қол салған полиция қызметкері басшылығын айыптап видео қалдырған

  • https://turkystan.kz/

    https://turkystan.kz/

Қайтыс болған полиция майорының туыстары Президентке үндеу жолдады. Олар Мемлекет басшысынан өз өзіне қол жұмсауға итермелеу фактісі бойынша тергеуді жеке бақылауына алуды сұрады.

 

Осыдан үш күн бұрын полиция қызметі Павлодар облысының Ақсу қаласындағы полиция бөлімінің гаражында суицид жасаған еді.

 

Марқұмның әріптестері қайғылы оқиғаның жай-жапсарын тергеуді бастаған. Бірақ, көз жұмған жанның туыстары полиция қызметкерін суцицидке әріптестері итермелеген деп отыр.

 

Өйткені, полиция қызметіне 20 жылдан астам ғұмырын арнаған азаматқа жыл басынан бері облыстық және қалалық деңгейдегі полиция басшылығы қысым көрсеткен көрінеді. Бұл туралы марқұм өз телефонына видео да қалдырыпты, деп хабарлайды «Еуразия» арнасы.

 

Қайғылы оқиға болғаннан кейін біз оның телефонын аштық. Онда біз видео таптық. Онда Аспандияр барлығынан кешірім сұрап, егер маған бірдеңе болса, бұған полиция подполковнигі Капаров Балғабайды кінәлаңдар дегенді келтірген, дейді марқұмның туысы Әсемгүл Айтқазина.

 

Артында үш баласы  қалған полицейдің бұл видеосы қазір тергеушілердің қолында.

 

 

 

turkystan.kz




Көрілген: 1126    Пікірлер: 0

жұма, 09.07.2021, 19:16

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Қыркүйек, 00:18
    Қосшы қаласында шу шықты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30