Мәселе

Өзбектер Мақтааралға көмектесеміз деп кепілдік берді - әкім

  • https://baq.kz/

    https://baq.kz/

Өзбекстан Мақтааралдағы барлық коллекторды тазалауға көмектеседі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев айтты.

 

Өзбекстан тарапының мамандарымен тығыз байланысымыз бар. Жағдай тұрақтанғаннан кейін олар өздерінің техникасымен кіріп, біздің бүкіл коллекторларды тазалауға көмектесетіндігіне келісім алып келдік. Біз тек шекарадан өтуге мүмкіндік беруіміз керек, - деді Өмірзақ Шөкеев.

 

Оның айтуынша, Мақтаарал ауданындағы елді мекендерге жерасты суы жақын орналасқан. Су ұзақ уақыт жатып қалуы мүмкін.

 

Сол себепті аталған елді мекендердің айналасынан үлкен арықтар қазып, суды сол арықтарға сорғыту үшін техника қажет болады. Осыған орай Экология министрлігімен бірігіп, республика өңірлерінен мотопомпаларды, сорғыларды алдыру керек болады, - деді әкім.

 

Өз кезегінде үкімет басшысы Асқар Мамин үкімет тарапынан да қолдау болатынын айтты.

 

Арнайы үкіметтік комиссия құрылды. Оны премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр басқарады. Құрамында орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары бар. Комиссия Жаңа тұрмыс, Жеңіс, Фирдоуси, Өргебас, Достық ауылдарына келген шығынды шұғыл түрде есептеу бойынша жұмысты жүргізеді. Одан кейін инженерлік, көлік, әлеуметтік инфрақұрылым, үйлер қалпына келтіріледі. Зардап шеккен тұрғындарға Үкімет тарапынан барлық қажетті көмек көрсетіледі, - деді Асқар Мамин.

 

baq.kz




Көрілген: 569    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.05.2020, 10:57

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30