Мәселе

Өзгенің атымен өмір сүрген шетелдік азаматшаның шындығы әшкере болды

  • Өзгенің атымен өмір сүрген шетелдік азаматшаның шындығы әшкере болды

    Өзгенің атымен өмір сүрген шетелдік азаматшаның шындығы әшкере болды

Динара Артықова есімді шымкенттік келіншек белгісіз біреу оның атын жамылып, наркологиялық орталықта емделгенін және өзін жезөкшелер қатарына енгізіп қойғанын айтып, жанақайын жеткізді. Ең сорақсы, полиция берген ақпаратқа сәйкес, келіншектің екі жасар қызы балалар үйінде тәрбиеленіп отыр екен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК арнасындағы "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасап.

Динараның айтуынша, өзінің наркологиялық диспансерде есепте тұрғанын естігенде есеңгіреп қалған.

"2018 жылы 14 мамырында босанғанмын. Өзім Нұр-Сұлтанға барған емеспін. Жетісайда туғанмын. Қызымды ай сайын тексеруге апарып жүрген кезде дәрігер наркологиялық диспансерде есепте тұрғанымды айтты. Маған бұл қатты тиді, жатып қалдым. Содан кейін учаскелікке бардым. Сөйтсем, базада тұр екенмін", - деді келіншек.
Бағдарлама барысында мұндай ақпараттың қалай пайда болғаны туралы белгілі болды.

Анықталғандай, Наргиз Ходжаева есімді Өзбекстан азаматшасы Қазақстанға 16 жыл бұрын келіп, заңсыз өмір сүріп жүрген. Қолында құжаты болмаған әйел Динараның атын жамылып өмір сүрген екен.

Ол жезөкшелер қатарына қалай енгенін де әңгімелеп берді.

"Бірінші күйеуімнен үш балам бар. Олар қазір Шымкентте. Соларға ақша аударып тұрдым. Сонда осы кісінің (ред.Динараның) шотына ақша салып тұратынмын, чектары сөмкемде жүретін. Сөйтіп, бір күні Нұр-Сұлтанда екінші күйеуім мені баняға апарды. Ішіне енді кіргелі жатқанда полиция ұстады. Сол чектерді көріп, сол арқылы тексеріп, есепке қойып тастады", - дейді Наргиз.
Келіншектің сөзінше, ол тіпті, 2018 жылы қыз баланы дүниеге әкеліп, оны да Дианараның атына жазып, перзентханадан шыққан.

"Күйеуім баланы босанбай тұрып қатты ұрып-соқты. Содан талып қалып, суым кетті. Дәрігерлер қабылдамады. Толғағым қысып бара жатқан соң осы кісінің атын айттым. Маған баланы аман алып қалу керек болды", - дейді Наргиз.
Сарапшылардың сөзінше, Наргиздің сөзі шындыққа жанаспайды. Себебі балаға төлқұжат анасының жеке басын куәландыратын құжатсыз берілуі мүмкін емес. Бағдарлама қонақтары келіншек перзентхана дәрігерлерімен келісіп алған деген пікірді алға тартты.

Алайда Наргиз бұл пікірді растамады.

Әйелдің сөзінше, ол бір күні күйеуімен ұрсысып қалған соң, полиция шақырған. Сөйтіп, жұбайынан да баласынан да бір сәтте айырылып қалады. Себебі құқық қорғау органдары есепте тұрған келіншектен қызын тартып әкетіп, балалар үйіне тапсырған.

Сондай-ақ, келіншек бағдарлама барысында Динара Артықованың кінәсіз екенін және қазіргі таңда бар мақсаты туған қызын қайтарып алу екенін алға тартты.

Динара өз кезегінде Наргизге кешірім беретінін сөз етті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін күйеуімен ұрысып, ішімдік ішкен әйелдің жасқа толмаған қызын қайтара алмай жүргенін хабарлаған едік.

 




Көрілген: 1333    Пікірлер: 0

жұма, 14.02.2020, 22:48

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30