Мәселе

«Өзімді алаяқ етпекші». Жас қызды зорламақ болған орган қызметкері әлі жазаланбаған

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

«Мені құқық қорғау органының қызметкері зорламақ болды» деген Алматы облысының тұрғыны Айя Өмірзақова өзіне жала жабылып, алаяқтық бабы бойынша тергеліп жатқанын айтты. Мән-жайды Azattyq Rýhy тілшісіне хабарлаған бойжеткеннің айтуынша, 7 сәуір күні өтуі тиіс сот отырысы кейінге қалдырылған.

 

«Алтыншы сәуір күні маған тергеуші хабарласып, менің үстімнен арыз түскенін мәлім етті. Мен айыпталушы Сабыржан Нарымбаевтан бір тиын ақша алған емеспін. Оның айыбы негізсіз және олардың ұсынысына көнбеген соң, олар маған осылайша моральдық тұрғыда қысым көрсетіп, сес білдіріп жатыр. Ешқандай негізсіз, дәлелсіз айып тағып отыр. Осының кесірінен 7 сәуірде өтуі тиіс сот отырысы кейінге қалдырылды. Бір шетінен уақыт созудың да амалы болар», - деді Айя.

 

Айя Өмірзақованың қорғаушысы Жанна Мухамади айыпталушының туыстары алғашқы күннен-ақ бойжеткенге ақша ұсынып, жазадан құтылмақшы болғанын айтты.

 

«Алғашқы күндері айыпталушы деп танылған құқық қорғау органының қызметкері мен қайын енесі қорғауымдағы жәбірленушінің үйіне келіп, моральды өтемақы ретінде «ақша ала сал» деген. Оның әйелі, үш баласы бар екенін айтып, аяушылық тудырған. Қыз ақша алудан бас тартып, іс сотқа дейін жетеді. Бірақ, айыпталушының әкесі мен қайын енесі мұнымен тоқтамай, жәбірленуші қыз «моральдық өтемақы ретінде ақша алып, кешірім бермей қойды» деп арыз жазады. Өзіңіз ойлап қараңызшы, құқық қорғау органының қызметкері жас қызды аяусыз ұрып, зорламақшы болып, өлтіретінін айтады. Ал, жас қыз әрең дегенде қашып құтылып, соңынан алаяқ болып шығады», - деп ашуланды адвокат.

 

 

Еске салсақ, 16 ақпанда Алматы облысының 25 жастағы тұрғыны Айяның таксиге отырып, кейін көлік жүргізушісі бойжеткенді алысқа апарып, зорламақшы болғанда, қашып кетуіне көмектескен үш куәгерге (жігіттер – авт.) іздеу жариялап, үндеу жасады. Ал, қызды зорламақ болған Сабыржан Нарымбаев құқыр қорғау органында қызмет атқарған.

 

 




Көрілген: 870    Пікірлер: 0

жұма, 09.04.2021, 18:42

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31