Мәселе

"Өзін бай көрсеткісі келеді": Қазақстанда әлеуметтік желілер үшін несие алатындар пайда болған

  • "Өзін бай көрсеткісі келеді": Қазақстанда әлеуметтік желілер үшін несие алатындар пайда болған

Әлеуметтік желілерде дәулетті көріну үшін банктен несие алатындар бар екен. Жастар көптің көз алдында қалталы адамның кейпінде болу үшін, қаржы ұйымдарының көмегіне жүгінетін көрінеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Еуразия бірінші" арнасына сілтеп хабарлайды.

Журналист Альбина Әтеннің сөзінше, соңғы кездері әлеуметтік желілер адамзатты бай болып көрінуге итермелеуде. Адамдар жаппай өзгеге ұқсауды, біреу сияқты өмір сүруді әдетке айналдырып жатыр. Яғни, өзінде жоқ өмірді аңсау, шүкіршілік етпеу белең алған.

 
"Ол жапай психоздан туындайтын нәрсе сияқты. Жаппай психоз дегеніміз, ол -
психологиялық пандемия. Яғни, бүкіл адамдардың белгілі бір нәрсеге тәуелді болып, өз көзқарасының жоқ болуына жеткізу. Қазір сондай нәрсе болып жатыр, біздің қоғамда. Оның жасыратын ешнәрсесі жоқ. Адамдар күннен күнге инстаграм, фейсбук желілеріне байланып жатыр", - деді журналист Альбина Әтен.

Қоғам белсендісі Самат Нұртазаның сөзінше, жалпы бұл адамның өзіне жайсыз, өзіне ұнамайтын, бірақ қоғамға лайықты болу үшін немесе басқаларға ұнау үшін ғана жасайтын дүниесі. Осылайша, адам табиғатына сай емес нәрсе жасап жүреді екен. 

"Кейбір адамдар қымбат машинаның қасында фотоға түсуі мүмкін, былай селфи жасап, рөліне отырады деген сияқты. Содан кейін барады да үйіне барып, "Доширак" жейді, мысалы. Көп ондайлар", - деді Самат Нұртаза.

Психолог Ғалияш Махашеваның айтуынша, адамдар бетпердемен өмір сүргенді жақсы көреді.

"Біз тек жақсы нәрсе деген тек әдемі киім киіп, бай болып, күліп жарқырап тұрған адам бақытты деп ойлаймыз. Солай қабылдағанды жақсы көреміз.
Өз-өзімізді алдағанды жақсы көреміз. Ал шын мәнінде біздің өмірімізге сабақ болатын адамдар - бұлар құлаған, жылаған және қайта тұрған адамдар", - деді психолог.

Қала тұрғыны Оңаш Мәжітова әлеуметтік желіге тек әдемі фотолан салады. Тамаша жерде, сәнді киіммен, тәтті тағамдармен суретке түседі. Бірақ кейде парақшадағы өмірі мен жеке өмірінің арасында үлкен алшақтық болып жататынын айтады.

"Бірақ адам табиғатынан өзінің бойындағы жақсылығын көрсеткісі келеді. Сондықтанда ол сол парақшада тек жақсылық көрсетіледі. Әйтпесе әр адамда проблема басынан асады. Менде де проблема асады басымнан. Маған жазып жатады. Ой мына жеріңіз қандай әдемі, мынау қандай
әдемі. Сіздің жағдайыңыз бар. Жағдайы бар адамда да проблема бар. Бірақ біз проблеманы ашық айтып, көрсете алмаймыз", - дейді ол.

Психолог Ғалияш Махашеваның сөзінше, әлсіз, өзіне сенімсіз адамдар әрқашан басқаға жалтақтап, жұрт не дейді деген оймен өмір сүреді екен.

"Егер біз осы түсінікті өзгертпесек, біреу үшін өмір сүріп, өз болмысымызды жоғалтып аламыз....Ұят болады деп өсіреміз. Яғни, біз өзіміздің қорқынышымызды әлеуметтен, біреудің сөзінен, жұрт не айтады дегенге байланып қалғанымызды көрсетеміз.

Мәселен, жасөспірім кезінде кішкентай ер бала немесе қыз баланың басында проблема болса соны айтып бөлісейін десе, ұят болады айтпа! Бөлісе алмайды. Сондықтан олар өздерінің қиындықтарын, жамандықтарын
жасырады. Себебі, әлеуметтік талауға түспес үшін",- деді Ғалияш Махашева.

Мамандардың сөзінше, қазір байларда мәдениет жоқ, кедейде шүкіршілік жоқ қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Яғни, әлеуметтік желілердің заңдылығы да осындай. Кедейлер "байсымақтарға" қарап, солар сияқты болғысы келеді. Ол үшін тіпті кредит те алады екен. Соңғы дерек бойынша, Қазақстанда 55 млн несие шарты жасалған. Ал жалпы жұрт банктер мен қаржы ұйымдарына 26
трлн теңге қарыз. Борышкерлер арасында әлеуметтік желіде өзін бай, бақытты етіп көрсеткісі келетіндер де баршылық екен.

"Себебі, адамның табиғатында мақтанғысы келетін бір қасиет бар. Ол өзі табиғатта болады ондай. Мен бай екенмін, адамдар маған қызықса екен, маған комплимент айтса екен деген табиғаттың салып қойған инстингі бар", - деді қоғам белгендісі Самат Нұртаза.

Мамандардың пікірінше, қай заманда болмасын мықтылық - біліммен, өнермен, мәдениетпен өлшенеді. Біздің дәуірде бұл тіпті қажет. Міне, сонда
ғана халықтың деңгейі де өсе бастайды. Ал бізде, өкінішке қарай, көп адам үшін материалдық құндылықтар бірінші орында тұр.




Көрілген: 513    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.11.2020, 11:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31