«Памперс пен малдың өлігі жатады». Сарыағаш ауданында халық қоқыс полигонынан су ішіп отыр

20 ақпан 2022, 13:10

Сарыағаш ауданындағы Жібек жолы ауылында орталық су құбыры ешқашан болмаған. Тұрғындар есік алдында ағып жатқан тіршілік нәрін тұтынады. Ал Өзбекстаннан келетін шағын өзеннің жолында қоқыс полигоны орналасқан.

 

Бірақ тұрғындар күнделікті тұтынатын тіршілік нәрінің қоқыс ортасынан өтетіндігін ғана білген.

 

Жібек жолы ауылында ешқашан су құбыры болмаған. Мұндағы тұрғындар үшін мына арық тіршілік нәрінің жалғыз көзі. Ал бұған  көрші Өзбекстаннан келетін бірнеше су арнасы құйылады екен.

 

Өзбекстаннан келетін бұл арықтан адам да ішеді, мал да ішеді.

 

Жергілікті тұрғындардың сөзінше көрші елдің кәсіпорындары бұл арыққа тұрмыстық қалдықтарды да жиі төгетін көрінеді. Ондай кезде бұл судың түсі де, дәмі де өзгереді. Салдарынан Жібек жолы ауылында ішек ауруымен ауыратындар көп.

 

Ең сорақысы, бұл арыққа қоқыс полигонының да суы да құйылып жатыр. Мұны жұрт кездейсоқ білген.

 

Еркінай Насырова, Жібек жолы ауылының тұрғыны:

 

- Қоқыс мынау, осыдан су ішіп жатырмыз. Денсаулыққа зиян ғой.  Неше түрлі ауру болып жатыр, ауыз су осы. Қазір көріп отырмын. Шок болып отырмын.  Осынша уақыттан бері сонша жылдан бері осы судан ішіп келдім бе деп. Дұрыс емес қой бұл.

 

Бірақ ауыл тұрғындарының бұл судан бас тартуға мүмкіндігі жоқ. Тасымал тым қымбат болған соң есік алдынан алып, әбден тұндырып қайнатып ішеміз дейді. Апта сайын ауылдағы жалғыз жүйесін өздері тазалап отырады екен.

 

Ал әкімдердің арық басына сүзгі орнатып береміз деген уәдесі сөз жүзінде қалған.

 

Умида Жүсіпбекова, Жібек жолы ауылының тұрғыны:

 

- Суды осы неше жылдан бері осы арықтан ішеміз. Арығымызды ешқашан таза болмайды. Өзіміз үйдің алдын тазалап тұрамыз. Ал жоғары жақтарда малдың өлігіне дейін жатады. Памперстер жатады. Тазаланбайды. Оның аржағында свалка бар. Одан түседі қоқыс.Сатып ала беруге әркімнің қалтасы көтермейді.

 

Ал аудандағы жауапты шенеуніктер Жібек жолы ауылындағы мыңдаған тұрғынның таза су ішіп отырғанына сенімді. Себебі: жалғыз тіршілік көзінің қоқыс арасымен ағып жатқанын білмейді.

 

Дәурен Болатов, Сарыағаш ауданы ТКШ бөлімінің бас маманы:

 

- Тұрғындар,жоқ, бұдан ішпейді. Сіздер зерттеп көрдіңіздер ме, су қай жаққа баратынын?  Осы ауылдың ішінен өтеді, осы елдімекен ішінен Жібек жолы ауылынан өтеді. Ал Жібек жолы елдімекенінде су жоқ, олар яғни арықтан су ішіп отыр.  Олардың ішетін суы басқа жерде, гидранттың суынан алып ішеді.  Жоқ, ауылдың әкімдігі де солай айтты ғой, арықтан ішеді, басқа амал жоқ деп.  Суды тасымалдап ішеді.

 

Көзбен көргенінен өзі шошыған шенеунік бәрін аудан басшысына жеткіземін деп кетті. Жалпы, арықты бойлай бір гектар жерге орналасқан бұл қоқысхана 2010 жылы пайдалануға берілге. Яғни тұрғындар кем дегенде 10 жыл  бойы осыдан ішіп отыр. Сондықтан бұл мәселеге құзырлы орындар елең етпесе, ауылдағылар әрі қарай да сасық суды пайдаланудан басқа амалы жоқ. 

 

 

 

ktk.kz