Мәселе

Пандемия уақытында суицид саны азайған – Сарапшы

  • Пандемия уақытында суицид саны азайған – Сарапшы

    Пандемия уақытында суицид саны азайған – Сарапшы

Әлемдік психиатрия ассоциациясы суицидология секциясының мүшесі Всеволод Розанов коронавирустық пандемия басталғаннан бері әлем бойынша суицид саны азайғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

"Посткеңестік елдерге келетін болсақ, мұнда соңғы 10 жылда суицид саны азайып келеді. Пандемия басталған уақытта біз тап болған күйзеліс кезеңінде суицид саны көбеюі мүмкін деген қорқыныш болды. Пандемияның бірінші кезеңінде-ақ көптеген локдаундар жарияланды. Сонымен қатар суицид санының да төмендегені байқалды", - деді Розанов.

Маман мұны адамдардың қиын кезеңде тірі қалуға тырысатынымен байланыстырды. 

"Мұнда, былайша айтқанда, өзін-өзі өлтіруге дейін болмады. Алайда дәл қазір жағдайдың қалай болып жатқанын білмейміз. Суицид жайлы деректер кешігіп жатыр. Пандемияның тез аяқталмауы мен туындаған экономикалық жағдайға байланысты әлемде суицид саны қайта көбеюі мүмкін деген қорқыныш та бар. Біз қазір дамыған елдерде де логистикалық байланыстың үзілгенін көріп отырмыз. Әрине, жағдай нашарлап кетуі де мүмкін", - деп түсіндірді спикер. 

Stan.kz




Көрілген: 564    Пікірлер: 0

сейсенбі, 12.10.2021, 16:57

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31