Мәселе

«Париев» ЖШС Шу ауылын газсыз қалдырды

  • «Париев» ЖШС Шу ауылын газсыз қалдырды

    «Париев» ЖШС Шу ауылын газсыз қалдырды

Жамбыл облысы Шу ауылындағы 115 жеке меншік үй, 29 коммуналды-тұрмыстық және бір өнеркәсіптік өндіріс екі күннен бері табиғи газсыз қалды. Абырой болғанда, әзірге ауа райы жылы, әйтпегенде шулықтар өз үйлерінде тоңып отырар еді. 

 

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жамбыл облысындағы өндірістік филиалының басшысы Абыл Юсуповтың айтуынша, бұл келеңсіз жағдайға себеп «Париев» ЖШС газ құбыры иесінің түсініксіз әрекеті болып отыр. Бұл мекеме басшылығы қаншама үйлер мен өндіріс орындарының газсыз қалғанына, тұрғындардың наразылығына селт етер емес.

 

Сонымен, 8 қыркүйекте Шу ауылында газ құбырларын тексеру кезінде Жетісу шағын ауданында, Әубікіров көшесінде ГРП кіре берісіндегі фланецті қосылыста табиғи газдың ауаға таралуы анықталған. Жер үсті газ құбыры "ДЛС-Пергам" метан газ анализаторы бар арнайы машинамен тексерілді».

 

Газдың таралуын тоқтату үшін ысырмамен газ беру тоқтатылды. Бұл туралы газ құбырының иесі «Париев» ЖШС-іне жедел хабарланды.
 

 

Газ беруді қайта бастау үшін газ құбырының меншік иесі анықталған ақауды жою қажет, ол туралы табиғи газ жеткізушіге (ҚТГА АҚ ЖЗҚ) тиісті құжатты ұсыну қажет.
 

 

– Дәл қазір 12 қыркүйек, мезгіл түс ауды. «Париев» ЖШС газ құбырындағы ақауды жөндегені жайлы ешқандай құжат ұсынбады, – деді Абыл Юсупов. 

 

– Неге ешбір әрекет жасамай отырғаны белгісіз, алайда мұндай жағдайда біздің газды жіберуге қақымыз жоқ, өйткені бұл Шу тұрғындарының денсаулығы мен өміріне қауіп төндіруі мүмкін.

 

 

 


Көгілдір отынсыз қалған тұрғындар бұл жағдайға қатты наразы болып отыр, олар тіпті газ құбыры меншік иесіне өздерінің наразылығын айтқан, алайда олар «газды бермей отырған біз емес» деп жауап беріпті. Көріп отырғанымыздай, «Париев» ЖШС жеке меншік компаниясы барлық кінәні «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ына жауып отыр. 

 

"Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 2-тармағына сәйкес Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің иелері олардың қауіпсіз пайдаланылуын және жарамды жай-күйін қамтамасыз етуге, техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды жүргізуге немесе өздеріне тиесілі объектілерге техникалық қызмет көрсетуге шарт жасасуға міндетті.

 

ВИДЕО:  www.youtube.com/watch




Көрілген: 577    Пікірлер: 0

сенбі, 12.09.2020, 15:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қазан, 22:51
    ЖАҚСЫ ЕНЕНІҢ 15 әдеті
    26 Қазан, 23:05
    Кімге ренжиміз?..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31