Мәселе

"Пәтер мен көлігімізді саттық". Қазақстандықтар консалтинг компанияға шағымданды

  • Видеодан алынған кадр

    Видеодан алынған кадр

Қазақстандықтар алданып қалған консалтинг компаниясының үстінен жаппай шағымданып жатыр. Көбі акция сатып алу үшін пәтерлері мен автомобильдерін сатқан. Компания бағалы қағаз жыл сайын 30 пайыз пайда әкеледі деп уәде берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Рахымбек Ураков өз мәселесімен редакциямыздың WhatsАpp нөміріне хабарласты. Оның айтуынша, компания акциясын 25 миллион теңгеге сатып алған. Салған қаражатын қайтаруды талап еткенде компания төлем жасаудан бас тартқан.

 

"Мені L-Capital-ға отбасымызбен араласатын досымыз шақырды. Ол компанияның нарықта он жыл қызмет істеп келе жатқанын, қаражатымыз ірі жобаларға салатынын және осылайша дивидендтер төлейтінін айтты. Мен оны тыңдап, пәтерімді сатып, 25 миллион теңге салдым. Бірақ төрт ай өткен соң келісімшартты бұзып, ақшамды алуға шешім жасадым. Бұл 2020 жылдың ақпаны. Олар келісті, бірақ ақшамды қайтаруды кейінге қалдырып келеді. Пандемияға жапты. Кейін тіпті төлем жасаудан бас тартты", - деді Рахымбек Ураков.

 

 

Оның айтуынша, 50-ден аса адам өз қаражатын қайтара алмай жүр. Олар күн сайын Алматыдағы кеңселерге барады.

 

"Біз прокуратураға, полицияға арыз жаздық. Үнемі Алматыдағы кеңсеге барамыз. Басқа өңірлерден, қалалардан келгендер де бар", - дейді Рахымбек Ураков.

 

 

"Бәріміз L-Capital-ға сенім білдірдік. Соңғы ақшамызды табыс табу үшін салдық. Зейнетақысы мен бала күтіміне алған ақшасын жинап бергендер де бар. Енді пәтеріміз де, көлігіміз де жоқ. Баласы ауыратындар бар, оладың тіпті ем алуға ақшасы жоқ. L-Capital ақшамызды қайтар!", - дейді видеода бір топ адам.

 

 

Алматы полиция департаменті салымшылардың ұжымдық өтініштері бойынша тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.

 

"Ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Компания кеңселерінде санкцияланған тінту жүргізіледі. Заңға сай тергеу жүргізіліп, нәтижесіне қарай процессуалдық шешім қабылданады", - деп хабарлады Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі өкілдері.

 

 

 




Көрілген: 2525    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.02.2021, 20:46

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Сәуір, 23:17
    Қостанайды су басты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30