Мәселе

Павлодар облысында 150 бас жылқының иесі жауапқа тартылды

  • https://osken-onir.kz/

    https://osken-onir.kz/

Бір табын жылқы қараусыз жайылып жүрген, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

 

- Успен ауданының полиция қызметкерлері иесіз жайылып жүрген малдың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары мен мал ұрлығының алдын алу мақсатында рейдтер жүргізеді. Тәртіп сақшылары Успен ауылының маңындағы алқапта 150 бас жылқының иесіз жайылып жүргенін анықтады. Жылқылар айып тұрағына қамалып, иесіне қатысты ҚР ӘҚБК 408-бабы, 147-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды, - деді  Успен ауданы полиция бөлімінің бастығы Берік Оралов.

 

Бұдан бөлек, 10 қыркүйекте Успен ауданы Қозыкеткен ауылының маңында полицейлер қараусыз жайылып жүрген 25 бас ұсақ малды анықтады. Жануарлар айып тұрағына айдалып, иесі ҚР ӘҚБК 408-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

Айта кетерлігі, аудан аумағында иесіз жайылып жүрген малға арналған 12 қора бар. Ол жерлерге биылғы жылдың басынан бастап 500-ден астам бас қамалып, 60 иесі жауапкершілікке тартылды.

 

 

 

 




Көрілген: 494    Пікірлер: 0

сенбі, 11.09.2021, 20:47

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31