Мәселе

Павлодар облысында оқу жылы басталса да балалар мектепте оқи алмай жүр

  • Павлодар облысында оқу жылы басталса да балалар мектепте оқи алмай жүр

    Павлодар облысында оқу жылы басталса да балалар мектепте оқи алмай жүр

Павлодар облысының Березовка ауылындағы оқушылар екінші тоқсан аяқталуға таяса да мектепке әлі бармаған. Өйткені былтырдан бері карантинде бос тұрған білім ұясы, тура қыркүйекте күрделі жөндеу жұмыстарына жабылған. Содан бері ауыл балалары Мәдениет бөліміне қарайтын ескі ғимаратта білім алып келген. Бірақ, ол ғимарат та жөндеуге жабылып, оқушылар жаппай үйлерінен оқуға жіберілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Тереңкөл ауданына қарасты Березовка ауылындағы мектептің табалдырығынан биыл бір де бір оқушы аттаған жоқ. Пандемия кезінде бос тұрған ескі білім ұясын әкімдіктегілер жаңа оқу жылы тақағанда күрделі жөндеуден өткізбек болған. Бірақ шағын мектепті жөндеу үшін бес рет тендер жариялаған. Сөйтіп тура қыркүйекте мектеп күрделі жөндеуге жабылып, оқушылар ауылдағы Мәдениет үйінің ескі ғимаратында оқуға мәжбүр болған. Бұл ғимараттың да тозығы жеткендіктен балалардың білім алуына жағдай жасалмаған. Сондықтан шұғыл жөндеу жұмыстарына жабылған. Ал оқу басталғалы мектеп табалдырығын аттамаған балалар үйлерінен оқуға жіберілген.

 
“Біз мәдениет үйіндегі жөндеу жұмыстарын желтоқсан айының 16-на дейін аяқтауымыз керек. Сол үшін оқушылар онлайн форматқа көшірілді. Ғимарат іші негізінен жылы. Тек, жөндейтін жерлері бар”, –  дейді Березовка ауылының әкімі Оксана Жаркина

Қазір қабырғасы жарты ғасыр сылақ көрмеген білім ордасын жаңарту үшін құрылысшылар жанталасып жатыр. Үш айдан бері созбаққа салынған жұмыстарды облыс әкімі енді бір аптада бітіруге уәде етті.

“Тек қана 10 күн ішінде осы қиындық мәселелер болды. Сондықтан осы бір жетіде шешілетін мәселе біздің бақылауымызда әрине болады. Жағдай шешіледі”, – дейді Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов.

Ал ауыл балалары мен мұғалімдері тым болмаса үшінші тоқсаннан бастап жаңа мектепте оқысақ деп тілеп жүр екен.  Мектепті күрделі жөндеуден өткізуге 102 миллион теңге бөлінген. 




Көрілген: 744    Пікірлер: 0

жұма, 26.11.2021, 10:07

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31