Мәселе

Павлодар облысында полицияға куәгер ретінде шақырылған ер адам өз-өзіне қол салды

  • CC0 / pixabay.com

    CC0 / pixabay.com

Полиция қызметкерлері жауап алғаннан кейін Павлодар облысының тұрғыны туысының үйінің кіреберісінде өз-өзіне қол салды. Бұл туралы оның туыстары әлеуметтік желіде хабарлады.

Туыстарының айтуынша, 21 қараша күні Ақкөл ауылының екі жылқышысын жұмыс уақытында учаскелік полицей Екібастұзға алып кеткен.

Жолда жылқышы үйіне соғып, киімін ауыстырған. Учаскелік полицей не үшін ұстағанын білмейтінін айтқан. Оған жылқышыны полиция бөлімшесіне жеткізу тапсырылыпты.

Марқұмның туыстары жауап алу сағат 23-30-ға дейін жалғасқанын айтып отыр. Бұдан соң ер адам үйіне хабарласып, келесі күні сағат 10:00-де жауап алу жалғасатынын хабарлаған. Үйіне келетін ақшасы болмапты (Ақкөл Екібастұздан 68 шақырым жерде). Сондықтан қаладағы туыстарына барған. Ол жерге полицейлер жеткізіп салыпты.

Таңертең ер адам полицияға жиналып жатқан. Алайда сағат 11:00-де әйелінің қоңырауына полиция қызметкері жауап беріп, ер адамның өз-өзіне қол жұмсағанын айтқан.

Ер адамның туыстары куәгерлерді іздестіріп жатыр. Олар шындықты біліп, кінәлілер жазаланса дейді.

Павлодар облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Жанна Біләлова мұндай фактінің тіркелгенін Sputnik Қазақстанға растады. Ер адамның денесі туысының үйінің кіреберісінде табылған.

"Бұл фактіге сәйкес,қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу ) сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды", - деді ол.
Ер адамның туыстарының әлеуметтік желідегі жазбасына сәйкес, жеке қауіпсіздік басқармасы қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр. 1971 жылы туған ер адам шаруа қожалықтардың бірінде жылқышы болған.

"Бұған дейін ол 48 бас жылқысы жоғалған адамға бұл қылмысты кім жасағанын айтқан. Осыған байланысты 21 қараша күні куәгер ретінде полицияға жауап алуға шақырылды", - деді полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Полицейлер 22 қараша күні сағат 10:00-де Екібастұздағы үйлердің бірінде екінші қабатта ер адамның денесі табылғанын хабарлады.

"Бұл іс Павлодар облысы полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімовтің жеке бақылауында. Өзге ақпарат хабарланбайды", - деп жазылған баспасөзге берілген ақпаратта.

Қарастырылып отырған бапқа сәйкес, кінәлілердің үш жылға дейін бас бостандығы шектеледі немесе дәл осы мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

sputnik

 




Көрілген: 543    Пікірлер: 0

сейсенбі, 26.11.2019, 10:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30