Мәселе

"Павлодар облысының әкімі ұсталды": әкімдік WhatsApp-та тараған ақпарат туралы айтты

  • © Photo : Павлода обласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    © Photo : Павлода обласы әкімдігінің баспасөз қызметі

WhatsApp мессенджерінде Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың ұсталғаны туралы хабар тарап жатыр.

Аудиода әкімнің бүгін, 15 қаңтар күні ұсталғаны айтылған.

"БАҚ-та, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде "Павлодар облысының әкімі ұсталды, тергеліп жатыр" деген мазмұндағы хабарламалар мен аудиожазбалар таралуда. Дәл қазіргі уақытта аталған ақпаратты растайтын ресми деректер жоқ. Ресми деректер жарияланғанға дейін қандай да бір тұжырым жасаудан аулақ болуға шақырамыз. Біз сіздерді өзіміздің әлеуметтік желілер арқылы хабардар ететін боламыз", - делінген Павлодар облысы әкімдігінің Facebook-тегі парақшасында.

Болат Бақауов 2016 жылдың наурыз айында Павлодар облысының әкімі қызметіне тағайындалды. Бұған дейін (2014 жылдың сәуір айынан бастап) Павлодар қаласының әкімі болған.

Желідегі Бақауов

Бұған дейін әлеуметтік желіде Павлодардағы қайырымдылық балында өткен аукционда облыс әкімі Болат Бақауовтың портреті сатылғаны туралы видео тараған болатын.

Аймақ басшысы бейнеленген картина 31 миллион теңгеге (шамамен 82 мың доллар) сатылды. Ролик кадрларынан картинаны сатып алған азаматты – жергілікті кәсіпкер Гнел Акопянды да көруге болады.

Бұл видео әлеуметтік желіде жарияланғаннан кейін Павлодар облысының әкімдігі жедел түрде брифинг өткізді. Онда өңір басшысының баспасөз хатшысы Ернар Сейтахмет шын мәнісінде әкімнің портреті біршама аз сома – 700 мың теңгеге (1,8 мың доллардан астам) сатылғанын ресми түрде мәлімдеді.

Ал 2018 жылы желіде ерекше костюм киген Болат Бақауовтың суреті тарап, жұрттың қызу талқысына түсті.

 sputnik




Көрілген: 441    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.01.2020, 10:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30