Павлодарда кәріз құдығында тұрып жатқан ағайындылар құтқарылды

27 қаңтар 2022, 09:19

VITA Павлодар жасағының еріктілері ағайынды Яренколар туралы алғаш рет оларды тамақтандырған қала тұрғындарынан білген,  деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

 
Олар желі арқылы еріктілерден кәріз құдығында тұратын құжаттары жоқ үйсіз жүрген ағайындыларға көмек көрсетуді сұрап, бірінің аяғы жарақаттанғанын, ал екіншісінің қолы  жансызданып қалғанын жазған.

«Екі күн бойы  ағайындыларды таба  алмадық. Кейінірек олардың адамдардың қатыгездігінен қорқып,  құдық ашылған кезде сонда жасырынғанын білдік. Танысқаннан соң оларға тағы бірнеше күн тамақ, аяқ киім әкелдік, өйткені ағайындыларда екі адамға арналған бір ғана етік және термошұлық болды», – дейді еріктілер.
Бұдан кейін олар қалалық әлеуметтік қорғау бөліміне көмек сұрап жүгінген. Осыдан кейін қайта әлеуметтендіру орталығындағы қоғамдық белсенділермен байланысқа шығып, «әлеуметтік патруль» мобильді тобы жіберілді. Ағайындылардың құдықтан шығуына көмектесіп, алғашқы медициналық тексеруден өткізетін орталыққа жеткізді. Еріктілер ер адамдар аяққа тұрып, жұмысқа орналасып, жәрдемақы үшін құжаттарын алғанға дейін орталықта тұра алады деп үміттенеді.

«Бізден бұрын ағайындыларды тамақтандырған, олар жайлы бізге хабарлаған тұрғындарға рақмет», - дейді VITA жасағының іздеушілері.

azattyq-ruhy.kz