Мәселе

Павлодарда қате жазылған жарнамаларды түзетуге шыққан мониторинг тобымен жанжал шықты

  • http://pavlodarnews.kz/

    http://pavlodarnews.kz/

Мониторинг тобы адамдардың жеке басына тіл тигізуге болмайтынын  естен  шығармауға кеңес береді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz тілшісі

 

Топ құрамындағы «Jebe» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Абзал Қабдраштың айтуынша, тіл жанашырлары сенбі күні мониторингке шығуға шақырған  соң  бірлестіктің атынан арнайы барған.

 

- «Артур» сауда үйінің алдында жиналып, үш топқа бөліндік. Біздің топта «Тіл майданы» бірлестігінен бір жігіт болды. Тұтынушының міндеттері жайында заңнамаларды шығарып алдық. Әр бутикке кіріп, сатушыларға Тіл туралы заңның 24 және 25-баптар бойынша тұтынушы қай тілде хабарласса, сол тілде жауап беру керек екенін түсіндірдік. Ұлтыңыз өзге ұлт болса да мемлекеттік тіл қазақ тілі екенін ұмытпау керек. Сондықтан саудада қажетті сөздерді жаттап алуға кеңес бердік, – дейді Абзал Қабдраш.

 

Оның сөзінше, өзге ұлт өкілдерінің көбі ұсынған ақпаратты дұрыс қабылдап,  басқа ұлттан болса да, мемлекеттік тілді үйренуге тырысатындарын және кейбіреулері немерелерін қазақ сыныбына бергенін айтқан.

 

- Бірақ әр бутикке кірген сайын «Тіл майданының» өкілі дөрекі сөйлеп, дауыс көтеріп, адамдарды дауласуға итермелеп отырды. Сөйтіп жүріп, дегеніне жетті. Өзге ұлт өкілі «Мен қазақ тілін үйренуге қарсы емеспін, үйренемін» деді. Ал, «Тіл майданының» өкілі камерасын қосып, дөрекілік танытып, жеке басына тиетін сөздерді айта бастады. Әрине, бірден жұрт жиналып, дауласа кетті. Мониторингке шыққандағы менің мақсатым - қазақ тілін үйрену керектігін түсіндіру, тілді насихаттау. Дауласу емес! Мониторинг тобынан екенбіз деп, жұрттың бәрімен ұрысып, жеке басына тіл тигізуге болмайтынын ұмытпау керек, - деді Абзал Қабдраш.

 




Көрілген: 1410    Пікірлер: 0

сенбі, 03.07.2021, 19:30

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Қыркүйек, 00:18
    Қосшы қаласында шу шықты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30