Мәселе

Павлодарда тәртіптік жауапкершілікке тартылған әкімдер сайлауға жіберілді

  • Павлодарда тәртіптік жауапкершілікке тартылған әкімдер сайлауға жіберілді

    Павлодарда тәртіптік жауапкершілікке тартылған әкімдер сайлауға жіберілді

Екібастұз ауылдық округінде тәртіптік жауапкершілікке тартылған әкімдерге сайлауға қатысуға рұқсат берілді

Павлодар облысында қазір қызметте отырған бес ауыл әкіміне тәртіптік жауапкершілікке тартылғанына қарамастан алдағы сайлауға қатысуға рұқсат берілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Сонша жыл еңбектенгеннен кейін сайлауға қатысуға мүмкіндік бермеу дұрыс болмайтын еді. Сондықтан осы жолы біз оларға, яғни Екібастұз ауылдық аймағындағы бес әкімге сайлауға түсуге мүміндік бердік. Қазір бұл әкімдер Nur Otan саяси партиясы атынан ұсынылды", - деп мәлімдеді өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы кезінде Екібастұз қаласындағы аймақтық сайлау комиссиясының төрағасы Сансызбай Төлеубаев.

Журналистер тарапынан "бұған қалайша рұқсат берілгені, себебі қазіргі қолданыстағы заңға сәйкес мемлекеттік қызметке нұқсат келтірген әрекеті үшін соңғы үш жылда тәртіптік жауапкершілікке тартылған азамат мемлекеттік қызметке тағайындалмауы керек" екені туралы сұраққа жауап берген спикер мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттікке сілтеме жасады.

"Мемлекеттік қызмет агенттігі осы жағдайды қарап, заңға үңіліп, оларға сәйкес құжаттарымен сайлауға қатысуға мүмкіндік берді", - деді ол.

Осы жылдың мамыр-маусымында бес ауыл әкімі "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында заң бұзушылыққа жол бергені үшін тәртіптік жазаға тартылды. Олардың барлығы көп жылдан бері округ басқарып келе жатыр.

Sputnik Қазақстан бұған дейін хабарлағандай, Павлодар облысында 44 ауылдық округте ауыл әкімі қызметі үшін сайлауға қатысатын кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.

Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Гүлнәр Аманжолаваның айтуынша, 168 адам әкімдікке үміткер болып отыр. Оның ішінде саяси партиядан 59 адам ұсынылды. Атап өтсек, Nur Otan - 35, "Ауыл" - 4, "Ақ жол" - 8, "Адал" - 3, Қазақстанның халық партиясы - 7, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы - 2. Өзін-өзі ұсынғандар саны 109 кандидатты құрап отыр. Бұл сайлауға қатысушылардың жалпы санының 65%-і. 168 кандидаттың ішінде 118 әйел мен 50 ер адам бар.

Ауыл әкімі қызметі үшін сайлауға түсетін 126 адам бүгінгі күнге дейін заңнама талаптарына сәйкестік бойынша тексеруден өтті.




Көрілген: 1448    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.07.2021, 11:50

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Қыркүйек, 00:18
    Қосшы қаласында шу шықты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30