Мәселе

Педофил кастрация жасалғанда қандай күйде болғанын айтты

  • © Sputnik / Рамиль Ситдиков

    © Sputnik / Рамиль Ситдиков

Түркістан облысында кәмелетке толмаған балаларға зорлық-зомбылық жасағаны үшін сотталған екі адамға химиялық кастрация жасалды, деп хабарлады Otyrar.kz.

 

Ер адамдар қатаң режимдегі ИЧ 167/9 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатыр, бірі 15, екіншісі 16 жылға бас бостандығынан айырылған, сонымен қатар сотталушыларға тағы бір жаза &ndash химиялық кастрация қолданылды.

 

Қылмыскерлердің бірі журналистермен сөйлесуге келісті. Ол 120-бап "Кәмелетке толмаған баланы ​​зорлау" бойынша аса ауыр қылмыс жасағаны үшін түрмеге түскен. Жігітке егу әдісімен химиялық кастрация жасалыпты.

 

"Не дейін, қатты қиналдым, мұндайды жауыма да тілемес едім. Барлығынан кастрацияны тоқтатуды өтініп сұраймын, үйіме оралып, отбасын құрып, балалы болғым келеді. Оны тоқтатуды өтінемін! Инъекциядан кейін денеңнің ауыратыны соншалық, жүруің қиындайды, жалпы қорқынышты", - дейді сотталушы. 

Процедура бір реттік емес, препарат адам ағзасына оқтын-оқтын егіледі.

 

Қазақстанда химиялық кастрация туралы заң 2018 жылдың 1 қаңтарында күшіне енді. Процедура сотталушыларға кәмелетке толмағандарға жыныстық зорлық жасағаны үшін тағайындалады.

 

"Мұнда аса ауыр қылмыс жасағандар жазасын өтейді. 78 адам кәмелетке толмағандарды зәбірлегені үшін отыр, оның екеуіне сот химиялық кастрация жазасын тағайындады", - дейді ИЧ 167/9 басшысының орынбасары Кахраман Әбубәкіров.

 

Сот химиялық кастрация жасау жазасын Кастрация туралы заң күшіне енгеннен кейін қылмыс жасаған адамдарға ғана тағайындайды.

 

Әдетте препарат әр үш айда бір егілуі керек. Егер процедура тоқтатылса, еркектік қуат қалпына келеді. Бұл дегеніміз, педофил балаларға қайта тиісе бастауы мүмкін.

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 702    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 05.10.2020, 21:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша, 02:46
    Жайық құрып барады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30