Мәселе

Пенжім ауылында жаппай төбелестен кейін үй өртеніп кеткен: Оқиға қалай болды

  • Пенжім ауылында жаппай төбелестен кейін үй өртеніп кеткен: Оқиға қалай болды

    Пенжім ауылында жаппай төбелестен кейін үй өртеніп кеткен: Оқиға қалай болды

27 қазанға қараған түні Алматы облысының Пенжім ауылында уақытша баспана өртеніп кетті. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Айта кетейік, кеше елді мекенде мектеп оқушыларының жаппай төбелесі орын алды. Полицияның мәліметінше, мектеп ауласына 30-ға жуық адам жиналып, жанжал шығарған.  

 
Өрт туралы хабарлама 27 қазанда 22.44-те келіп түскен. Тілсіз жау 23.12-де оқшауланып, 23.30-да сөндірілді. Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, ғимараттың 44 шаршы метр шатыры жанып кеткен. 

"Өрттің алдын ала себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Нақты себебін анықтау үшін оқиға орнына Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру зертханасы жіберілді", - делінген хабарламада.


Алматы облысындағы Пенжім ауылында жаппай төбелес орын алды (видео)
Алматы облысындағы мектеп оқушыларының төбелесі: Дәрігерлер зардап шеккен баланың жағдайы жайлы айтты

Алайда Алматы облысы полиция департаменті өрт шығуы мүмкін тағы бір себепті атады. Үй иесінің сөзінше, оған пеш жұмысындағы ақау себеп болды, деп хабарлады полиция.

Полиция департаменті мектеп ауласында жаппай төбелес болғанын растады. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оған 30-ға жуық адам қатысқан. Бір жасөспірім жарақат алып, ауруханаға жатқызылған. 

Дәрігерлердің айтуынша, 2005 жылы туған науқас 27 қазанда Панфилов ауданаралық көпсалалы ауруханаға түскен. Жасөспірім мидың ауыр жарақатын алған, оған екінші не үшінші дәрежелі травматикалық шок диагнозы қойылған. Есін біледі.

"Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 293 - бабының 2-бөлігі (топпен жасалған бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген полиция хабарламасында.

"Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 293-бабының 2-бөлігі ("бір топ адам жасаған бұзақылық") бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген полиция хабарламасында.

Сондай-ақ ведомствода түндегі өрттің болған оқиғаға қатысы жоқ екенін нақтылады.

Ауылда қоғамдық тәртіп қамтамасыз етіліп, жағдай бақылауда тұр, делінген полиция хабарламасында.




Көрілген: 2174    Пікірлер: 0

бейсенбі, 28.10.2021, 12:38

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30