Мәселе

Петропавл тұрғынының әйеліне көрсеткен қорлығы дүйім елді жаға ұстатты

  • https://mirpozitiva.ru

    https://mirpozitiva.ru

Петропавлда отағасы әйеліне ұйқы бермей, салдарынан келіншектің денсаулығына зиян келген, деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті баспасөз қызметі Sputnik Қазақстанға.


"1962 жылы туған Петропавл тұрғыны әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобына хабарласып, арақтың кесірінен күйеуінің мінез-құлқы өзгеріп, қауіпті адамға айналғанын айтып берген. Жиі ұрып-соқпаса да, ер адам психологиялық қысым көрсетеді екен, мысалы, әйелге ұйқы бермей, салдарынан келіншектің денсаулығы сыр бере бастапты", - деп мәлімет берді полиция.


Полиция әйелдерге қолдау көрсету орталығына тез арада хабарласып, әйел адамды тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған үйге орналастырған. Ер адаммен учаскелік инспектор жұмыс істейтін болады.


Құқық қорғаушылар атап өткендей, көп жағдайда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер отбасындағы ахуалды сыртқа білдірмеуге тырысады. Сондықтан полицейлер түсіндіру жұмыстарымен айналысуды қолға алыпты. Тәртіп сақшылары 2 мыңға жуық әңгіме жүргізіп, әйелдер мен балаларды тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау туралы 3 мың кітапша таратқан.


 




Көрілген: 889    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 19.08.2019, 20:46

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30