Мәселе

Петропавлда алимент төлемеген қырыққа жуық азамат қамауға алынды

  • https://ubr.ua/

    https://ubr.ua/

Теріскейде алименттен жалтарған әкелермен күрес күшейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бауыр еті баласынан безінген 40 жуық азамат қамауға алынды. Сот орындаушылар оларды осындай қатаң шаралар арқылы тезге салмақ. Жалпы, өңірде перзентіне көмектесуден қашқақтап жүрген 600-ден астам борышкер бар екен. Олардың жалпы қарызы 460 миллион теңгеге жуықтаған..

Таятьяна Колочева – үш баланың анасы. Жарымен дәм-тұзы жараспаған соң, ажырасып кеткен. Содан бері балаларын бір өзі тәрбиелеп келеді. Жолдасы болса 12 жылдан астам уақыт бойы бауыр еті баласына алимент төлемеген.

 

Татьяна Колачева, қала тұрғыны:

 

– Әрине, кезінде жалғыз өзіме қиын болды. Іске сот орындаушыларының араласуының арқасында бұрынғы жолдасым табылды. Оған елден шығуға шектеу қойылды. Жүргізуші куәлігінің де күші жойылды. Міне осындай шаралардан кейін ғана қазір ол, қарызын қайтарып жатыр.

 

Алименттің әлегі – әлі күнге дейін өзекті мәселенің бірі. Себебі туған перзентінен теріс айналған әкелердің саны артқан. Мәселен өңірдегі жеке сот орындаушыларының қарауындағы істердің жалпы саны алты мыңға жуықтады. «Ал оларды тәртіпке шақыру қиынның қиыны», – дейді мамандар.


Асан Мәткәрімов, жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының басшысы:

 

– Төлемей жүрген себептері әртүрлі жағдайда. Көбісі, мысалға, өздерінің отбасының арасында бір-біріне түсініспеушіліктен қасақана төлемеулері бар. Екіншілер, ол жанағы жұмыс орнын таппай, жұмыссыз жүргендер. Оларға біз өз тарапымыздан міндетті түрде жәрмеңке өткіземіз. Оларды жұмыспен қамту орталығына шақыртамыз. Бірақ көбісі, өкінішке қарай келмейді. Қашқақтайды.

 

Алимент қарыз емес, парыз. Сондықтан оны төлеуден қашқандарды жүгендеу жол үстінде де жүргізіледі. Бүгінде полицейлердің көмегімен осындай екі адамның автокөлігі анықталып, ол айыппұл тұрағына қойылды. Мұнымен қоса, іздеуде жүргендері тағы бар.

 

Бүгінде облыста баласынан жеріп, түрлі сылтау айтып, сытылып жүрген 600-ден астам борышкер әке бар. Оның бүгінде 75-не іздеу жарияланды. Әзірге тек 17-і анықталған екен.


 




Көрілген: 198    Пікірлер: 0

сейсенбі, 11.02.2020, 20:31

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30